$ 498.09 € 577.34 ₽ 6.41

Таяу Шығыстағы жағдай: 946 Қазақстан азаматы елге аман-есен оралды

Редакция
04 наурыз 2026, 10:03
Таяу Шығыстағы жағдай: 946 Қазақстан азаматы елге аман-есен оралды Сурет авторы: The village

Таяу Шығыс аймағындағы саяси шиеленістің артуына байланысты Қазақстан үкіметі отандастарымызды елге қайтару шараларын белсенді жүзеге асыруда. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бүгінге дейін 946 қазақстандық елге жеткізілді.

4 наурыз күні еліміздің әуежайларына Сауд Арабиясынан бірнеше арнайы рейс келіп қонды. «Air Astana» әуе компаниясы ұйымдастырған эвакуациялық ұшулар келесі бағыттар бойынша орындалды:

• Медина - Ақтау: Бортта 142 жолаушы болды.

• Медина - Атырау: 145 азамат жеткізілді.

• Джидда - Атырау: Екі бөлек рейспен 174 және 179 жолаушы елге оралды.

Сонымен қатар азаматтарды тасымалдау жұмыстарына «SCAT» әуе компаниясы да жұмылдырылды. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 290 адамға арналған Boeing 767 ұшағы Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша қосымша рейс орындап жатыр.

Соңғы жаңалықтар