АСТАНАДА ҰСТАЗДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ МЕН ДЕПУТАТТАР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының (ХҚҚ) ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция — жаңа дәуір кепілі» атты салтанатты жиын өтті. Шара аясында білім беру саласының мамандары мен ҚР Парламентінің депутаттары Ата Заңға енгізілген реформаларды талқылап, оның қоғам өміріне тигізер әсерін саралады.
Жиынға Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапақ, Серік Ерубаев және Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай қатысты. Келелі кеңесті «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Ермаханұлы модератор ретінде жүргізіп, мемлекеттік маңызы бар бастамаларды білім беру құндылықтарымен ұштастырды.
Идея – басты ресурс
Талқылау барысында депутаттар мен қатысушылар Конституцияның 23-бабындағы «сөз еркіндігіне, ғылыми және көркем шығармашылық еркіндігіне берілетін кепілдіктер» туралы нормаларға ерекше тоқталды. Саясаткерлердің пікірінше, бұл – зияткер ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Ендігі кезде шикізат емес, адам капиталы мен жаңа идеялар ел дамуының негізгі қозғалтқышына айналмақ.
Заң үстемдігі және халық сенімі
Жиынның ең әсерлі сәттерінің бірі — сұрақ-жауап бөлімі болды. «Спектрум» мектебінде еңбек ететін шетелдік маманның: «Жаңа Конституция қарапайым халықтың өмірінде заң үстемдігін қалай қамтамасыз етеді?» — деген сауалы қызу пікірталас тудырды.
Бұл сауалға жауап берген депутаттар мен заңгер-ғалымдар Конституциялық соттың рөлі, азаматтардың құқығын қорғаудың жаңа тетіктері мен «Әділетті Қазақстан» концепциясының іс жүзіндегі көріністерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Депутаттардың пікірі: Салалық талдау және тұшымды ойлар
Жиын барысында Парламент өкілдері Жаңа Конституцияның әр салаға тигізер оң әсерін жан-жақты талдап, ұстаздар қауымына маңызды бағыт-бағдар берді.
Идеология және Тәрбие (Бибігүл Жексенбай): Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтар мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне басымдық берді.
«Жаңа Конституция — бұл тек заңдар жиынтығы емес, бұл біздің рухани кодымызды сақтай отырып, заманауи ашық қоғам құрудың жол картасы. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Біз балаларымызды цифрлық кеңістіктегі жат ағымдардан қорғап, олардың бойында сыни ойлау қабілеті мен медиасауаттылықты дамытуымыз керек. Бұл істе ұстаздардың рөлі ерекше»,— деп атап өтті Бибігүл Нұрғалиқызы.
Құқық және Заң (Үнзила Шапақ): Мәжіліс депутаты, заңгер-ғалым Үнзила Шапақ адам құқықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілуі туралы баяндады.
«Конституциялық соттың құрылуы және азаматтардың тікелей шағым түсіру мүмкіндігі — заң үстемдігінің басты кепілі. Бұл өзгерістер қарапайым мұғалімнің құқығын қорғауға, оның еңбек жағдайы мен әлеуметтік мәртебесінің заңмен шегеленуіне тікелей әсер етеді. Әділеттілік — соттан емес, әр азаматтың құқықтық сауаттылығынан басталады», — деді Үнзила Шапаққызы.
Экономика және Болашақ (Серік Ерубаев): Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Ата Заңдағы өзгерістердің экономикалық тұрақтылыққа ықпалын түсіндірді.
«Экономикалық еркіндік пен меншік құқығының қорғалуы білім саласына инвестиция тартуға жол ашады. Жаңа Конституцияда мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері, соның ішінде білім беруді қаржыландыру басымдығы айқын көрсетілген. Тұрақты заң — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер береді», — деп түйіндеді Серік Сәрсенұлы.
Білім мен заңның байланысы
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Ермаханұлы атап өткендей:
«Біз тек пән үйретіп қана қоймай, саналы, құқықтық мәдениеті жоғары азамат тәрбиелеуіміз керек. Жаңа Конституция – бұл әділетті қоғамның іргетасы, ал ұстаздар – сол іргетастың берік болуын қамтамасыз ететін негізгі күш».
Референдум – болашаққа таңдау
Кездесу соңында қатысушылар алдағы референдумның тарихи маңызын атап өтіп, бұл науқанның әрбір азамат үшін жеке жауапкершілік екенін айтты. Мұғалімдер қауымы құқықтық сауаттылықты арттыру мен демократиялық өзгерістерге белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Анықтама:
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры еліміздегі сапалы білім беру мен тұлғалық дамуды ұштастырған озық мектептер желісін үйлестіреді. Қор ұжымы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық шараларға ұдайы белсенді қатысып келеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Зеленский Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады
2 минут бұрын
-
АҚШ-тағы қымбатшылық Трамптың рейтингін рекордтық 32 пайызға түсірді
8 минут бұрын
-
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды
9 минут бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады
25 минут бұрын
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
13 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
16 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
16 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
17 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
18 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
18 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
18 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
18 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
19 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
20 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
22 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
22 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
23 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
23 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
23 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
1 күн бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын