"Тәрбие тал бесіктен": Неліктен жастар арасында құқық бұзушылық көбейіп кетті?
Соңғы уақытта еліміздің жастары арасында туындаған жанжалдар жиілеп, арты қылмысқа ұласып, қоғамға алаңдатушылық тудырып отыр. Мұндай оқиғалар тек ер балалар арасында ғана емес, қыздар арасында да орын алуда.
Осы аптада орын алған бірнеше резонансты оқиғалар осы мәселенің күрделеніп бара жатқанын көрсетеді. Талғар қаласында бір топ қаскөйлер 16 жастағы Шерзат есімді жасөспірімді туыстарының көз алдында өлтірген. Бұл оқиға көпшілікті дүр сілкіндірді. Ақтауда бір топ қыздар мектеп оқушысын аяусыз соққыға жығып, нәтижесінде ол ауыр жарақаттар алды. Астана қаласында тапа-тал түсте, адамдардың көз алдында бір жігітті өлімші етіп сабап кеткен.
Осындай қайғылы оқиғалар ел жаңалықтарында апта сайын көрініс табуда. Оқу мен даму орнына кейбір жастар зорлық-зомбылық пен қылмысқа бой ұрып, қате жолды таңдауда. Мұндай жағдайлар қоғамның болашағы саналатын жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейді.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюінің негізгі себептері терең әрі көпқырлы. Ең алдымен, отбасылық тәрбиенің жетіспеушілігі мен эмоционалдық қолдаудың жоқтығы құқық бұзушылыққа алып келеді. Әсіресе, ата-ананың назарынан тыс қалған балалар мен жасөспірімдер қиын жағдайларға жиі ұшырайды. Тәрбиенің негізі отбасында қаланатыны сөзсіз, сол себепті отбасылық қарым-қатынастың үйлесімсіздігі жастардың мінез-құлқына едәуір әсер етеді. Эмоционалдық қолдаусыз қалған бала өз сезімдерін дұрыс басқара алмай, агрессивті әрекеттерге бой ұрады.
Екіншіден, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қаржылық қиындықтар, бос уақыттың көптігі, және әлеуметтік теңсіздік секілді мәселелер жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа итермелейді. Әлеуметтік әділетсіздік жағдайында балалар мен жасөспірімдер заңсыз әрекеттер арқылы өз мәселелерін шешуге ұмтылуы мүмкін. Бұған қоса, қоршаған ортаның ықпалы, яғни достар мен әлеуметтік топтың әсері де маңызды рөл атқарады. Жасөспірімдер өз ортасында беделге ие болуға тырысып, кейде заңсыз әрекеттерге барады.
Үшіншіден, білім беру жүйесіндегі олқылықтар жастар арасындағы құқық бұзушылықтың өсуіне әсер етеді. Мектептерде психологиялық қолдаудың жетіспеушілігі, оқушылар арасындағы буллингтің ерте анықталмауы, балалардың эмоционалдық қажеттіліктеріне мән берілмеуі – осының барлығы агрессия мен құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін. Құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасындағы тығыз қарым-қатынас орнатып, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту қажеттігі туындап отыр.
Төртіншісі және маңыздысы, заманауи медиа мен технологиялардың әсері. Интернет пен әлеуметтік желілерде агрессивті контенттің таралуы, виртуалды кеңістіктегі қудалаулар мен қысым көрсету сияқты жағдайлар балалардың психологиялық жағдайына теріс әсер етеді. Әсіресе, әлеуметтік желілерде танымал болу үшін жастар заңсыз әрекеттерге жиі баруда.
Соңғы уақытта интернетте кең танылған «Слова пацана» сияқты контенттер жастарды теріс жолға бағыттайтын мысалдардың бірі. Бұл контенттерде агрессия және заңсыз әрекеттер романтика ретінде көрсетіліп, жасөспірімдердің санасын бұрмалауға әсер етуде. Мұндай материалдар жастар арасында құқық бұзушылықтың тартымды әрекет ретінде қабылдануына ықпал етеді. Бұл орайда мәселенің шешім жолы ретінде медиа сауаттылық сынды дағдыны дамыту аса маңызға ие. Жастарға ғаламторда дұрыс контентті таңдай білуді үйрету – буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы маңызды қадам.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жан-жақты, кешенді шаралар қажет. Отбасылық тәрбиені күшейтуден бастап, мектептерде психологиялық қолдауды жақсарту, құқық қорғау органдарының рөлін арттыру арқылы ғана қоғамда құқықтық тәртіп орната аламыз.
Ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды бойларына сіңіру арқылы жастарды дұрыс бағытқа жетелеу – кемел келешекке деген басты мақсат.
Нұрбол Төлебаев.
Соңғы жаңалықтар
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: қазірге дейін не белгілі?
5 сағат бұрын
-
Атбасар қаласында заманауи стандарттарға сай жаңа вокзал ашылды
10 сағат бұрын
-
Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды
10 сағат бұрын
-
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды
11 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляция қаралды: сот шешімі қандай?
11 сағат бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты
11 сағат бұрын
-
Тоғыз әскери қызметшінің қазасы: Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстауға барады
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар дәрігерге жазыла алмай жүр: министр мәселені шұғыл шешуді тапсырды
13 сағат бұрын
-
Сот Трамптың Ақ үйге журналистерді кіргізуге қойған тыйымының күшін жойды
13 сағат бұрын
-
Каспийде әскери оқу-жаттығу қайғылы аяқталды: тоғыз адам қаза тапты
13 сағат бұрын
-
Студенттер сарайы опырылды ма: ҚазҰУ түсініктеме берді
13 сағат бұрын
-
Amanat пен «Әділет» біріккен соң: Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланбақ
14 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстан әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 40 мемлекеттің қатарына кірді
16 сағат бұрын
-
«Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды» – Тоқаев
16 сағат бұрын
-
Темекіні ең көп тұтынатын өңір белгілі болды
17 сағат бұрын
-
Ресейде Юрий Дудь «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізілді
17 сағат бұрын
-
Шекарадан өткен жүргізушілерден ақша бопсалап келген: Жамбыл облысында қылмыстық топ әшкереленді
17 сағат бұрын
-
Си Цзиньпин АҚШ-қа барды: Трамп оны әуежайдан өзі қарсы алды
18 сағат бұрын
-
IT саласының маманы Қорғаныс министрінің орынбасары болды
18 сағат бұрын
-
Астананың жаңа әуежайын салатын серіктес белгілі болды
18 сағат бұрын
-
Римдегі Колизей қайғылы оқиғаға байланысты бір күнге жабылды
18 сағат бұрын
-
Жасанды интеллект бақылаудан шықты ма: Танымал ЖИ-агент мемлекеттік құпия файлдарды бұзып кірді
18 сағат бұрын
-
Қытай экипажын басып озды: қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында жеңіске жетті
18 сағат бұрын
-
ШҚО-ның Марқакөл ауданында 24 пәтер салынады
1 күн бұрын
-
Алматыда ЖРВИ өршіп тұр, бірақ жаңа вирус анықталған жоқ
1 күн бұрын
-
Депутат туроператорларды қазақстандықтардың отанына оралуына кепілдік беруді міндеттеуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Шетелге асқан заңсыз активтерді қайтару жеңілдемек
1 күн бұрын
-
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды
1 күн бұрын
-
Әлемді мойындатқан Елена Рыбакина елге оралды
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары мен вице-министрлер мемлекеттік басқаруға қатысты ЖИ құралдарымен танысады
1 күн бұрын
-
«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда шариғат талаптарына сай сақтандыру жүйесі енгізіледі
1 күн бұрын
-
Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды
1 күн бұрын
-
Шекерадан заңсыз жолмен 200-ден астам iPhone 18 алып өтпек болғандар ұсталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Конституциялық Соттың он судьясын тағайындады
1 күн бұрын
-
Екпе қайда: Қазақстандықтар неліктен тұмауға қарсы вакцина ала алмай жүр
1 күн бұрын
-
Қазақстанда 56 мұнай-газ учаскесі аукционға шығарылды
1 күн бұрын
-
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды
1 күн бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және тұман: 23 қыркүйекте күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
Brent бағасы 100 доллардан төмен түсті: мұнай неге арзандады
2 күн бұрын
-
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс
2 күн бұрын
-
Апелляциялық сот Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
2 күн бұрын
-
Кітап оқу адамға не береді: журналист Ержан Жаубай жеті пайдасын атады
2 күн бұрын
-
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды
2 күн бұрын
-
Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
2 күн бұрын
-
Жолдағы жаңа ережелер: Астанаға күн сайын кіретін 150 мың көлік қалай бақыланады
2 күн бұрын