ҚМДБ бірнеше пәтуа шығарды
Сурет авторы: muftyat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) заманауи технологиялар мен әлеуметтік желілерге қатысты бірқатар пәтуа жариялады. Құжаттарда дипфейк, дипностальгия технологияларын қолдану және әлеуметтік желідегі фолловер санын ақылы түрде арттыру мәселелерінің шариғи үкімі түсіндірілген.
Дипфейкке қатысты пәтуа
ҚМДБ мәлімдеуінше, жасанды интеллект көмегімен адамның айтпаған сөзін айтқандай немесе істемеген әрекетін істегендей етіп көрсететін дипфейк технологиясын зиянды мақсатта қолдануға шариғатта қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекет жалған ақпарат таратуға, адамдарды алдауға, қоғам ішінде іріткі салуға әкелуі мүмкін. Діни басқарма мұны алдау мен өзгеге зиян келтіру ретінде бағалап, ислам қағидаларына қайшы екенін атап өтті.
Шешім:
Дипфейк технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жалған ақпарат таратуға, адамдарды алдауға шариғатта тыйым салынады.
Дипностальгияға қатысты пәтуа
Дипностальгия (Deep Nostalgia) – марқұмдардың фотосуреттерін анимациялау арқылы «жандандыратын» технология. Бұл мәселеде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарас бар екені айтылды. ҚМДБ түсіндіруінше, егер бұл технология марқұмды кемсітуге, қорлауға, туыстарының қайғысын күшейтуге немесе алдамшылыққа әкелсе, оны қолдануға болмайды. Сонымен қатар марқұмның бейнесін рұқсатсыз өзгерту оның жеке құқығын бұзу болып саналады.
Ал қажетті жағдайда, белгілі бір шарттар сақталған кезде ғана қолдануға рұқсат берілуі мүмкін. Атап айтқанда, туыстарының рұқсаты болуы, алдау болмауы және психологиялық зиян келтірмеуі тиіс.
Шешім:
- Дипностальгия (Deep Nostalgia) технологиясын қолдану барысында алдамшылық, марқұмды кемсіту, туыстарының қайғысын күшейту секілді жағдаяттар орын алса, оны қолдануға тыйым салынады.
- Қажеттілік жағдайда дипностальгияны жоғарыдағы шарттар негізінде қолдануға рұқсат.
Фолловер санын ақылы түрде арттыру үкімі
ҚМДБ әлеуметтік желілерде тіркелуші санын көбейту мәселесіне де тоқталды. Діни басқарманың түсіндіруінше, парақшаны шынайы қолданушылар арқылы жарнамалап, аудиториясын кеңейтуге және мұндай қызметке ақы төлеуге шариғатта рұқсат етіледі. Ал фолловер санын жалған, бот аккаунттар арқылы көбейту – алдамшылық әрі кісі ақысын жеу болып есептеледі.
Шешім:
Фолловер санын шынайы қолданушылар арқылы арттыруға рұқсат етіледі. Жалған, бот аккаунттар арқылы көбейтуге және оған ақы төлеуге тыйым салынады.
Соңғы жаңалықтар
-
Энергетика министрлігі мұнай өндірісінің неге азайғанын түсіндірді
2 сағат бұрын
-
Дрон шабуылдарынан кейін Қазақстанда мұнай өндірісі күрт азайды – Reuters
3 сағат бұрын
-
Әлем чемпионы Испанияның $ 51 млн жүлдесінің $17 млн АҚШ салық үшін ұстап қалуы мүмкін
4 сағат бұрын
-
Жұмыс істейтін қазақстандықтардың жартысынан азы зейнетақы жарнасын тұрақты аударады
5 сағат бұрын
-
Қазақстанда қолдан жаңбыр жауғызудың салдары зерттеліп жатқан жоқ
5 сағат бұрын
-
Алматыда Альцгеймер ауруын емдеуге арналған жаңа технология таныстырылды
6 сағат бұрын
-
OpenAI жасанды интеллект агенті сынақ кезінде бақылаудан шығып, Hugging Face жүйесіне кибершабуыл жасады
6 сағат бұрын
-
ҰҚК Батыс Қазақстан университеті ректорына қатысты тергеуді растады
6 сағат бұрын
-
Алматыда көп әйел алуды насихаттаған ер адам жауапқа тартылды (ВИДЕО)
8 сағат бұрын
-
Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз шығармақ болған
9 сағат бұрын
-
KazSat-3R байланыс серігін жасауға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
9 сағат бұрын
-
Ұлттық банктен де жоғары табыс: Жеке компаниялар азаматтардың зейнетақы жинағын қалай көбейтіп жатыр?
10 сағат бұрын
-
Түркістан облысында 3 млрд теңгеден астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды
10 сағат бұрын
-
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Омониядан» ұтылды
11 сағат бұрын
-
Қазақстан 2,3 триллион теңге айыппұлды төлемесе NCOC компаниясын қылмыстық жауапқа тартуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тұрғындар сұраған өзгерістер жүзеге асты: Жетісу ауданында ауқымды жаңғырту жүріп жатыр
1 күн бұрын
-
Аяқ жүні харассменті: Ерлердің жаңа дресс-коды неге әйелдердің наразылығын тудырды
1 күн бұрын
-
Салтанат Нүкенова ісі: Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады
1 күн бұрын
-
Пентагон Иранмен соғысты жалғастыруға қаржы жетіспейтінін айтты
1 күн бұрын
-
Еліміздің кейбір өңіріне аптап ыстық қайта оралады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ауыр жүк көліктеріне маусымдық шектеу енгізілді
1 күн бұрын
-
Дрон шабуылдарынан кейін КҚК арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау тоқтады
1 күн бұрын
-
YouTube ЖИ-видеоларға ақша төлеуді тоқтатады
1 күн бұрын
-
25 тамыздан бастап жүргізушілерге қойылатын жаңа талаптар күшіне енеді
1 күн бұрын
-
Үкімет Алакөл жағалауын қорғауға 3 млрд теңге бөлді
1 күн бұрын
-
Тоқаев үш елге жаңа елші тағайындады
1 күн бұрын
-
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеуге арналған ғылыми семинар өтті
2 күн бұрын
-
Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуінен бас тартып, Канелоның салмағына ауысты
2 күн бұрын
-
Қазақстанда автолизинг бағдарламасы жақында іске қосылады
2 күн бұрын
-
Украина елшісі Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы барын жоққа шығарды
2 күн бұрын
-
Қазақстанның автозауыттарында өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін қадағалауға жасанды интеллект қосылды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда өрт қаупі күшейді: «Қазгидромет» еліміздің өңірлеріне ескерту жасады
2 күн бұрын
-
Қазақстанда тағы үш автокөлік маркасы өндіріле бастайды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап мемлекет инфляция айырмасын өтемейді: Зейнетақы жинағын қалай қорғаймыз?
2 күн бұрын
-
Ұлттық банк төрағасының орынбасарына айыппұл салынды
2 күн бұрын
-
Үкімет көлеңкелі экономиканың үлесін 2028 жылға қарай 13,8%-ға төмендетпек
2 күн бұрын
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
3 күн бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
3 күн бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
3 күн бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
3 күн бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
3 күн бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
3 күн бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
3 күн бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
3 күн бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
4 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
4 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
4 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
4 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
5 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
5 күн бұрын