$ 467.65 € 533.26 ₽ 5.96

Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз шығармақ болған

Абдрахманов Мағжан
23 шілде 2026, 12:13
Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз шығармақ болған Сурет авторы: Pixabay

Қазақстан шекарасында шілде айының басынан бері жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 1342 дерегі анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет мәліметінше, 1–21 шілде аралығында өткізу бекеттерінде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдауға қатысты 1300-ден астам әрекетке тосқауыл қойылған. Елден заңсыз шығарылмақ болған отынның жалпы көлемі 112 тоннадан асты.

Премьер-министрдің тапсырмасымен мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерін өткізуге бақылау күшейтілген. Шекара қызметі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жанар-жағармайдың көлеңкелі айналымын және оны заңсыз әкетуді болдырмау шараларын жүргізіп жатыр.

ҰҚК хабарлауынша, анықталған заң бұзушылықтарға қатысы бар адамдар жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар