$ 469.59 € 536.22 ₽ 5.96

YouTube ЖИ-видеоларға ақша төлеуді тоқтатады

Редакция
22 шілде 2026, 10:48
YouTube ЖИ-видеоларға ақша төлеуді тоқтатады Сурет авторы: roskomsvoboda.org

YouTube платформасы монетизация ережелерін жаңартып, жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жасалатын контенттің қай түрлері бұдан былай авторларға табыс әкелмейтінін ресми түрде хабарлады. Жаңа талаптар 16 шілдеден бастап күшіне енді. Бұл шектеулер негізінен «нейрослоп» деп аталатын, алгоритмдер арқылы жаппай өндірілетін сапасыз видеоларға қарсы бағытталған.

Дегенмен платформа нейрожелілерді пайдалануға толық тыйым салмайды. Егер автор ЖИ-ды тек көмекші құрал ретінде қолданып, видеоға өзінің авторлық сценарийін, жеке пікірін, сараптамасын немесе білім беретін құнды мазмұн қосса, мұндай роликтер бұрынғыдай Серіктестік бағдарламасына қатысып, монетизациялана береді.

Жаңа ережеге сәйкес, шектеуге ілігетін контенттің 3 негізгі түрі анықталды:

  1. Үлгілік (шаблондық) бірсарынды видеолар: Автордың айтарлықтай қатысуынсыз, толықтай ЖИ арқылы генерацияланған слайд-шоулар, қайталанатын сюжеттер мен автоматты роликтер монетизациядан ажыратылады.

  2. Шок-контент және эмоциямен манипуляция жасау: Оқырмандардың назарын аудару үшін ғана жасалған қорқынышты немесе эмоционалды видеолар (қауіптегі жануарлар, үрейлі ЖИ-жинақтар, атақты адамдардың өлімі немесе апаттар туралы фейк жаңалықтар).

  3. Жасанды сарапшылар: Медицина, қаржы, құқық немесе саясат саласында кеңес беретін виртуалды ЖИ-персонаждардың арналары. Мысалы, «ЖИ-дәрігерлер», «ЖИ-заңгерлер» мен «ЖИ-қаржы мамандары» бар арналар табысынан айырылады.

Тексеру барысында YouTube модераторлары жекелеген роликтерді емес, арнаны тұтастай бағалайды. Олар ең танымал және жаңа видеоларды, жалпы тақырыпты, сондай-ақ заголовоктарды, сипаттамалар мен обложкаларды (мультипликациялық суреттерді) талдайды. Егер контенттің басым бөлігі ереже бұзса, арна толығымен YouTube Partner Program жүйесінен шығарылуы мүмкін.

Платформа өкілдері бұл өзгерістердің басты мақсаты - сапалы контент жасауға арналған ЖИ құралдарын шектеу емес, тек жарнамадан ақша табу үшін күн сайын мыңдаған сапасыз ролик жүктейтін «контент-фермалардың» жолын кесу екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар