$ 469.59 € 536.22 ₽ 5.96

Тоқаев үш елге жаңа елші тағайындады

Абдрахманов Мағжан
22 шілде 2026, 09:13
Тоқаев үш елге жаңа елші тағайындады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне кірісті. Осыған дейін бұл қызметті атқарған Бейбіт Атамқұлов лауазымынан босатылды.

Әлібек Бақаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Амангелді Саинов Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ал Ерлік Әли осы елдегі елші қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар