$ 469.59 € 536.22 ₽ 5.96

Қазақстанның автозауыттарында өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін қадағалауға жасанды интеллект қосылды

Редакция
21 шілде 2026, 14:51
Қазақстанның автозауыттарында өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін қадағалауға жасанды интеллект қосылды Сурет авторы: depositphotos.com

Еліміздегі 11 көлік өндіруші кәсіпорында төтенше жағдайлардың алдын алу және құрастыру процесінің сапасын қадағалау мақсатында жасанды интеллект жүйелері енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің апта сайынғы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Бүгінгі таңда республика бойынша жеңіл көліктер, автобустар, жүк көліктері мен арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған зауыттарда цифрлық технологиялар мен озық шешімдер кезең-кезеңімен қолданысқа енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, кәсіпорындардағы қауіпсіздікті басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі бірыңғай ситуациялық орталық құрылды. Бұл жүйе ықтимал қатерлерді, төтенше жағдайларды және технологиялық ауытқуларды уақтылы анықтап, оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Зияткерлік платформа бейнебақылау камераларынан, түрлі датчиктер мен ақпараттық жүйелерден түсетін деректерге тәулік бойы сараптама жасайды.

Сонымен қатар автоөндіріс орындарында дәнекерлеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылайтын арнайы аналитикалық кешендер іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар