$ 470.28 € 537.53 ₽ 5.99

Қазақстанда тағы үш автокөлік маркасы өндіріле бастайды

Абдрахманов Мағжан
21 шілде 2026, 11:58
Қазақстанда тағы үш автокөлік маркасы өндіріле бастайды Сурет авторы: kolesa.kz

Қазақстанда Li Auto, Omoda және Jaecoo маркалы автокөліктер өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл жобалар Қазақстан президентінің Қытайға мемлекеттік сапары кезінде жасалған келісімдер аясында жүзеге асырылады. 2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық көлік өндірісін кеңейту көзделген.

Жоспарда Li Auto, Omoda және Jaecoo көліктерін шығару, Sitrak маркалы жүргізушісіз ершікті тартқыштар өндірісін жолға қою қарастырылған. Сондай-ақ BYD компаниясымен бірге қуаты жоғары жылдам қуаттау бекеттерінің желісін дамыту жоспарланып отыр.

Қазақстан автомобиль одағының мәліметінше, елде көлік өндірісі артып келеді. Қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 78 580 автокөлік шығарылған.

Соңғы жаңалықтар