$ 467.65 € 533.26 ₽ 5.96

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған ер адам жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Редакция
23 шілде 2026, 12:34
Алматыда көп әйел алуды насихаттаған ер адам жауапқа тартылды (ВИДЕО) Сурет авторы: видеодан кадр

Алматы полициясы әлеуметтік желіде үш әйелін көрсетіп, көп әйел алуды насихаттаған ер адамды әкімшілік жауапқа тартты. Бұл туралы қалалық полиция хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам жарияланымдарында әйелдері туралы айтып, көп әйел алуды қалыпты өмір салты ретінде көрсеткен. Полиция мұндай мазмұн Қазақстан заңнамасына және қоғамдағы адамгершілік қағидаларға қайшы екенін мәлімдеді.

«Олардың әрқайсысы әртүрлі. Мінезі, арманы, уайымы бөлек. Мен мінсіз күйеу емеспін, бірақ күн сайын олардың өзін қауіпсіз әрі сүйікті сезінуі үшін тырысамын», – деп жазған ер адам әлеуметтік желідегі парақшасында.

Полиция жазба авторының жеке басын анықтап, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Бұл бап заңға қайшы мазмұнды орналастыруға қатысты.

Алдын алу әңгімесінен кейін азамат жариялаған материалдарын әлеуметтік желідегі парақшасынан өз еркімен өшірген.

Соңғы жаңалықтар