$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Айдос Сарым: 2029 жылы елде жаңа президент сайланады

Абдрахманов Мағжан
28 қаңтар 2026, 15:08
Айдос Сарым: 2029 жылы елде жаңа президент сайланады Сурет авторы: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент билікке келеді деген пікір айтты. Ол бұл мәлімдемесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік өкілеттік мерзіміне қатысты қойылған сұраққа жауап беру барысында білдірді, деп хабарлады Азаттық.

Депутаттың айтуынша, Тоқаевтың өкілеттік мерзімін «нөлден бастау» арқылы қайта сайлануы мүмкін деген болжам шындыққа жанаспайды. Оның сөзінше, қолданыстағы жеті жылдық президенттік мерзім өзгеріссіз қалуы тиіс.

«Кейбіреулер ойлағандай, біздің президент билікқұмар адам емес. Оның нақты принциптері, көзқарасы, өмірлік ұстанымы бар. Сол себепті жеті жылдық мерзімі аяқталғаннан кейін ол қызметтен кетеді деп есептеймін. Демек, 2029 жылы Қазақстанда үшінші президент сайланады», – деді Айдос Сарым.

Сонымен қатар депутат Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістердің қатарында президенттің өкілеттігін немесе билігін кеңейтуге бағытталған нормалар жоқ екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл түзетулер билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар