Әрбір бесінші құрбан - бала: Судағы қайғылы жағдайлармен қалай күресеміз?
Сурет авторы: plavaem.kz
Қазақстанда мектеп оқушылары үшін жүзу сабақтары міндетті факультатив ретінде енгізілмек. Оқу-ағарту министрлігі бұл бастаманы кәсіби спорттық үйірме емес, ең алдымен балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы деп түсіндірді.
Еліміздегі статистика көңіл көншітпейді: соңғы үш жыл ішінде су айдындарында 151 бала қаза тапқан. Бұл Қазақстанда суға кеткендердің әрбір бесіншісі кәмелетке толмаған жасөспірім екенін көрсетеді. Осы жағдайды түзейтін пилоттық жоба алдағы оқу жылында Астана мен Алматы қалаларында бастау алады деп жоспарлануда. Бағдарламаға ең алдымен жүзуді тез үйренетін және су айдындарында жиі қауіпке тап болатын 2-4 сынып оқушылары қатысады.
Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасары Наталья Дрейттің айтуынша, басты міндет - баланы су бетінде ұстап тұруды үйрету.
«Бұл спорттық жетістіктерді талап ететін секция емес, бұл - қауіпсіздік шарасы. Жүзу сабағы дене шынықтыру пәнінің негізгі оқу жоспарын алмастырмайды, ол қосымша факультатив ретінде жүргізіледі», - деп атап өтті ол.
Жобаның ерекшелігі - оны іске асыруға бюджеттен қаражат жұмсалмайды. Қаржыландыруды Су спорт түрлері федерациясы толықтай өз мойнына алған. Сарапшы Евгений Азарьевтің есебінше, қазіргі таңда 1000 баланы қамту үшін шамамен 45 миллион теңге қажет. Мамандар бұл жоба тек қауіпсіздікті емес, болашақта кәсіби спортқа келетін чемпиондарды іріктеуге де септігін тигізеді деп үміттенеді.
Жалпы алғанда, пилоттық жобаның алғашқы кезеңінде 5000 баланы қамту көзделіп отыр. Сабақтар аптасына 2-3 рет өткізілетін болады.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда кей жүргізушіге негізсіз айыппұл салынған: ІІМ түсініктеме берді
19 минут бұрын
-
Астанадағы BINOM мектептері мемлекетке өте бастады
42 минут бұрын
-
23 тамызда Астанада LRT мен автобустар тегін қатынайды
49 минут бұрын
-
Канье Уэсттің концерті: Еліміз жаңа табыс көзін тапты
1 сағат бұрын
-
Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан кейін алғаш рет пікір білдірді
1 сағат бұрын
-
Қазақстандағы жарықтың жаппай өшуіне Қырғызстан кінәлі ме: Бішкек жауап берді
1 сағат бұрын
-
Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» сайтының тізіміне енді
2 сағат бұрын
-
Арықтаудың кең тараған тәсілі денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін: Ғалымдар дабыл қақты
4 сағат бұрын
-
Қаржылық мониторинг агенттігі атын жамылғандар медицина мекемесінің басшысынан ақша бопсалаған
4 сағат бұрын
-
Әлеуметтік желілердегі үлкен төңкеріс: Meta сотта жеңілсе, біз қолданатын Instagram қалай өзгереді?
5 сағат бұрын
-
Еуропа музейлерін тонау толқыны: Луврдан кейін енді Сицилия шабуылға ұшырады
5 сағат бұрын
-
Бақытжан Базарбек жолда адам қағып кетті ме: Полиция не дейді
5 сағат бұрын
-
Неге павлодарлық жетім қыздың баспана кезегіндегі алты жылы есепке алынбады?
5 сағат бұрын
-
Криштиану Роналду карьерасын аяқтай ма? Жаһандық футбол жұлдызы сенсациялық мәлімдеме жасады
6 сағат бұрын
-
Қазақстан Қашаған бойынша 10,7 млрд долларлық келісімшартта жемқорлық болғанын мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар үшін Halyk Invest-те халал акциялар пайда болды
2 күн бұрын
-
Жарық неден өшті: Энергетика министрлігі мән-жайды түсіндірді
2 күн бұрын
-
Алматы мен Алматы облысында электр жарығы жаппай өшті
3 күн бұрын
-
Алматыда курьерлер мен мопедшілер қала тұрғындарын азаматтық ұстаным танытуға үндеді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады
3 күн бұрын
-
Павлодарда полиция бөлімінде ер адам қайтыс болды: туыстары мән-жайды анықтауды талап етті
3 күн бұрын
-
Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
3 күн бұрын
-
Тұрмыстағы зорлықтан жапа шеккендерге көмектесетін орталық қызметкері әйеліне күш қолданған
3 күн бұрын
-
Дрондар соққыларынан кейін Wildberries қанша шығынға батты?
3 күн бұрын
-
Жапаров президенттік орнын Ташиевке бергісі келгенін айтты (ВИДЕО)
3 күн бұрын
-
Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсетінін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
КҚК-ға шабуылдардан кейін Қазақстан мен ЕО мұнай тасымалын талқылады
3 күн бұрын
-
Тоқаев Ұлттық банкке инфляцияны тұрақтандыру жұмысын жалғастыруды тапсырды
3 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
3 күн бұрын
-
Заңгер Мейірман Шекеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректерін сатуға қойған адам іздестіріліп жатыр
3 күн бұрын
-
Жатақханада орын жетпесе қайда шағымдану керек: Студенттер білуі тиіс басты ережелер жарияланды
4 күн бұрын
-
«Оның жалғыз жетістігі – Марко ван Бастенмен бірге ойнағаны»: Ермұхамед Мәулен ван ’т Шкип туралы
4 күн бұрын
-
17 мың адамда 6-дан артық пәтер бар, ал миллиондаған қазақстандық әлі де баспанасыз жүр
4 күн бұрын
-
FlyArystan Астанадан Қытайға жаңа бағыт ашты
4 күн бұрын
-
Telegram Қазақстанда қайтадан іске қосылды: Байланыс үзілісінің сыры неде
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Telegram неге істемей қалды: министрлік себебін анықтап жатыр
4 күн бұрын
-
Қазақстан легионерлерді қаржыландырудан бас тартып, 8 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді
4 күн бұрын
-
Меккеге апаруға уәде берген: 37 адамды 60 млн теңгеге алдағандар сотталды
4 күн бұрын
-
Жасанды интеллект қазақстандықтарға баспанаға ақша жинауды үйретеді
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақауға жаппай шағымданып жатыр
4 күн бұрын
-
Тоқаев Трамптың шақыруымен АҚШ-тағы G20 саммитіне қатысады
4 күн бұрын
-
Павлодардағы зауыт Ресей мұнайын өңдеуге дайындалып жатыр – сарапшы
4 күн бұрын
-
Ғалымдар жиі баспалдақпен көтерілу адам өмірін ұзартатынын анықтады
4 күн бұрын
-
«Евровидение» ережесі түбегейлі өзгерді: Соғыс жағдайындағы елдерге байқауды өткізуге ресми түрде тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Елена Рыбакина Торонтодағы жартылай финалда камбэк жасап, финалға жолдама алды
4 күн бұрын
-
Қазақстан туралы арандатушы пікір айтқан шетелдік стримерге елге кіруге бес жылға тыйым салынды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда алтын бағасы күн сайын өсіп барады: Бір граммы қанша
4 күн бұрын
-
АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келіп, инвестиция мәселесін талқылады
4 күн бұрын
-
«Қазгидромет» ескертеді: Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады
4 күн бұрын