$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Алматы әуежайында Нипах вирусына қарсы дайындық тексерілді

Редакция
30 қаңтар 2026, 15:24
Алматы әуежайында Нипах вирусына қарсы дайындық тексерілді Сурет авторы: Gov.kz

Алматы халықаралық әуежайында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайлы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

 Іс-шараның басты мақсаты - шекарадағы қызметтердің Нипах вирусы сияқты аса қауіпті инфекцияларды анықтау және оқшаулау дайындығын пысықтау.

Жаттығуға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, жедел медициналық көмек, инфекциялық стационар мамандарымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі, Кеден қызметі және Полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу барысы:

Сценарий бойынша «Нипах вирусын жұқтырған» жолаушы анықталды. Барлық қызметтер алгоритм бойынша әрекет етті:

  • Алғашқы санитарлық-карантиндік бақылау;
  • Күдікті жолаушыны оқшаулау және ауруханаға жеткізу;
  • Эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізу.

Мамандар қызметтердің өзара іс-қимылы мен дайындық деңгейін жоғары деп бағалады. Бұл алгоритмдер биологиялық қауіп-қатерлерге жедел жауап беруге және халық үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

2025 жылы Қазақстан шекарасында 7,2 млн жолаушы санитарлық-карантиндік бақылаудан өткен. Оның ішінде 86 адамнан жоғары эпидемиологиялық қауіп белгілері анықталып, медициналық тексеру жүргізілді. Аса қауіпті инфекциялық аурулар тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар