$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Australian Open-2026: 17 жастағы қазақстандық теннисші жарақатына қарамастан жартылай финалға шықты

Редакция
30 қаңтар 2026, 14:04
Australian Open-2026: 17 жастағы қазақстандық теннисші жарақатына қарамастан жартылай финалға шықты Сурет авторы: baimedia.kz

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Аустралияның аптап ыстығында сіңірі тартылғанына қарамастан, жасөспірімдер арасындағы АО-2026 ширек финалында гонконгтық Кай Томпсонды жеңді.

Мельбурнде өткен үш сағаттық драмалық матч 3:6, 7:6, 6:4 есебімен аяқталып, отандасымыз жартылай финалға жолдама алды.

Алғашқы сетте Заңғар қатты ауырсыну сезініп, медициналық көмекке жүгінді. Соған қарамастан, екінші сетте тай-брейкте (7:4) есепті теңестіре білді. Шешуші партияда қазақстандық теннисшінің сіңірі тартылып, ақсаңдап жүрсе де, ерік-жігерінің арқасында жеңіске жетті.

Енді финал жолдамасы үшін ол америкалық Китон Ханспен кездеседі. Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина мен Анна Данилина да Australian Open финалдарына жолдама алған болатын.

Соңғы жаңалықтар