$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Илон Маск электромобильдерден гөрі роботтарға басымдық бермек

Редакция
30 қаңтар 2026, 11:21
Илон Маск электромобильдерден гөрі роботтарға басымдық бермек Сурет авторы: Getty images

Tesla басшысы Илон Маск Model S және Model X электромобильдерінің өндірісін тоқтатып, зауытты Optimus адам тәрізді роботтарын шығаруға қайта жабдықтау жоспарын жариялады, деп хабарлайды BBC News. Бұл шешім компания тарихындағы жылдық табыстың алғаш рет төмендеуі аясында қабылданып отыр.

«Шын мәнінде, Model S және X бағдарламаларын аяқтайтын уақыт келді», — деді Маск инвесторлармен өткен кездесуде.

Бұл шешім компания табысының төмендеуі аясында қабылданып отыр: 2025 жылы жалпы түсім 3%-ға, ал жылдың соңғы тоқсанындағы пайда 61%-ға азайған.

Қаржылық құлдырауға қытайлық BYD компаниясының көшбасшылыққа шығуы және Масктің саяси белсенділігінен туындаған клиенттердің наразылығы әсер етті. Сонымен қатар, АҚШ-тағы мемлекеттік қолдаудың азаюы Tesla-ны электромобильден гөрі роботакси мен ЖИ (жасанды интеллект) саласына көбірек көңіл бөлуге мәжбүрлеуде.

Акционерлердің қарсылығына қарамастан, Маск Tesla-дан өзінің xAI стартапына 2 млрд долларинвестиция құйды. Маск алдағы 10 жылда компанияның нарықтық құнын арттырып, рекордтық 1 трлн долларлық өтемақы алу үшін шығындарды 20 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сарапшылар флагмандық модельдерден бас тартуды Tesla-ның толыққанды «физикалық ЖИ» компаниясына айналу жолындағы қадамы деп бағалауда.

Соңғы жаңалықтар