«AMANAT» фракциясының депутаттары Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Дулат Абдраманов
Жиынды аша отырып, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституция мәтіні қоғаммен бірлесіп әзірленгенін және бұл құжат Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалар бағытының заңды жалғасы екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция халықпен ашық диалог жүргізу барысында қалыптасып, жұртшылықтың шынайы мүддесін айшықтайды. Сондықтан жаңа Ата заңның жобасын «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Ол – еліміздің орнықты дамуының берік негізі болары анық. Ұлтымызды ұйыстыратын факторға айналуы керек. Жаңа Конституция жобасының әр бабын, әр нормасын халыққа кеңінен түсіндіруіміз керек. «AMANAT» партиясы осы жұмыстың бел ортасында болуға тиіс. Бұл біздің – маңызды міндетіміз, тарихи миссиямыз», – деді Ерлан Қошанов.
Партия Төрағасы Конституция жобасына билік пен қоғамның ҰҚСК-ның, Ұлттық құрылтайдың, Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында өткен жан-жақты әрі ашық талқылаулардың нәтижелері енгенін, құжатта қазақстандықтардың арман-тілектері мен ұмтылыстары көрініс тапқанын атап өтті. Осыған байланысты, жаңа Конституция жобасының кіріспесінде кейінгіжылдары әрбір қазақстандыққа жақын бола түскенқұндылықтар – Заң мен тәртіп, Адал азамат, Таза Қазақстан көрініс тапты. Бұл құндылықтар Конституцияның барлық нормасын бойлай өтіп, мемлекеттің алдағы дамуына негіз болатын қуатты моральдық-құқықтық қалыбын қалыптастырады.
Ерлан Қошанов мемлекеттің болашақ заң шығарушы органы – Құрылтайға арнайы тоқталды. Конституция жобасына сәйкес, жаңа бір палаталы Парламент айтарлықтай күшейтілген өкілеттіктерге ие болып, билік тармақтары арасындағы тежемелік тепе-теңдік жүйесін түбегейлі жаңғыртады. Ал Құрылтайды тек партиялық тізім арқылы қалыптастыру қадамы қоғамдағы барлық әлеуметтік топтың мүддесін неғұрлым кең әрі жауапты түрде білдіруге мүмкіндік береді.

Жаңартылған Құрылтай Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын түпкілікті бекітеді.
Сондай-ақ Мәжіліс Спикері Мемлекет басшысының «Халық Кеңесін» құру жөніндегі бастамасы дер кезінде қабылданған аса маңызды шешім екенін атап өтті. Бұл ұсыныс та Конституция жобасында көрініс тапты. Заңнамаға бастамашылық ету құқығы бар жаңа институт этностардың, конфессиялардың, өңірлердің барлық аспектісі ескерілетін, жете ойластырылған мемлекеттік шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекет тұрақтылығының, оның үйлесімді дамуы мен «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын институционалдық тұрғыда нығайтудың кепілі болмақ.
Мемлекетті жаңғырту негізіне алғаш рет адами капиталды дамыту қадамы алынып отыр. Яғни, мемлекеттің барлық ресурсы азаматтардың әлеуетін ашуға және қолдауға бағытталады. Президенттің барлық шешімінде көрініс тауып келе жатқан осы озық идея енді ең жоғары конституциялық деңгейде бекітіледі.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция жобасы алғаш рет адамға бағдарланған мемлекет моделіне көшуді заң жүзінде бекітетінін және қоғамды жаңа деңгейде біріктіруге бағытталған «Біртұтас Қазақстан халқы» ұғымын енгізетінін атап өтті. Сонымен қатар Негізгі заң жобасында дербес деректерді қорғауға ерекше назар аударылып, процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде адам құқығын қорғаудың нақты нормалары айқындалды.
Жиын барысында депутаттар Жаңа Конституция жобасындағы озық новеллаларжөнінде өз көзқарастарын білдірді. Бақытжан Базарбек пропорционалды сайлау жүйесін енгізудің маңызын атап өтіп, ол саясаткерлердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыратынын айтты. Қайрат Балабиев «Заң мен тәртіп» қағидаты жазалаудан емес, отбасындағы тәрбиеден және зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудан басталатынын жеткізді. Снежанна Имашева жаңа Конституция жобасы адам және оның құқығы мемлекет басымдығы ретінде алғаш рет Негізгі заң деңгейінде бекітетінін атап өтті. Юлия Кучинская жаңа Конституцияұрандарға емес, атсалысуға, жауапкершілікке және нақты ықпал ету тетіктеріне негізделген кемел азаматтық патриотизм моделін қалыптастыратынын айтты.

Нұртай Сабильянов бір палаталы Парламент ең алдымен жедел шешім қабылдау мүмкіндігін, ашық жауапкершілікті және қоғамның билікке деген сенімін арттыратынын атап өтті. Нартай Сәрсенғалиев ғылым, білім және инновацияның Конституцияда бекітілуі адами капиталды мемлекеттің басты байлығы ретінде нақты мойындау екенін айтты. Никита ШаталовПарламенттің келісімімен тағайындалатын вице-президент институты билік жүйесінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ететін жаңа архитектураны қалыптастыратынын атап өтті.
Фракцияның барша депутаты алдағы ауқымды конституциялық өзгерістердің маңызын жоғары бағалап, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.
Суретті түсірген: Әли Ғалым
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
16 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын