$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Наурыз айындағы мерекелер: Қазақстандықтарды бес күн қатарынан демалыс күтеді

Редакция
02 ақпан 2026, 09:34
Наурыз айындағы мерекелер: Қазақстандықтарды бес күн қатарынан демалыс күтеді Сурет авторы: printhit

2026 жылдың наурыз айында Қазақстанда Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы атап өтіледі. Мерекелерге байланысты қазақстандықтар осы айда қосымша, бес күн демалады. Үш мереке күні демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, заң бойынша олар жұмыс күндеріне ауыстырылды.

Алдымен, Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түскендіктен, демалыс дүйсенбіге, яғни 9 наурызға ауысады. Осылайша, апта соңындағы демалысты қосқанда қазақстандықтар 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан үш күн демалатын болады. Ал Наурыз мейрамы кезіндегі үш күндік мерекенің екеуі — 21 және 22 наурыз күндері сенбі мен жексенбіге сәйкес келіп тұр. Осыған байланысты демалыс күндері 23, 24 және 25 наурызға шегеріледі.

Нәтижесінде Наурыз мейрамында қазақстандықтар 21 наурыздан бастап 25 наурызға дейін қатарынан бес күн демалады.

Соңғы жаңалықтар