$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Түркістанда полиция қызметкерлері «18 жастағы қызды зорламақ болған» деген күдікке ілінді

Абдрахманов Мағжан
30 қаңтар 2026, 11:18
Түркістанда полиция қызметкерлері «18 жастағы қызды зорламақ болған» деген күдікке ілінді Сурет авторы: Vlast/ Жанара Каримова

Түркістан қаласында 18 жастағы қыздың арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде үш полиция қызметкері қызды зорлады деген ақпарат тарағаннан кейін, жағдайға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, арыз Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынынан түскен. Қазіргі уақытта бұрын полицияда қызмет атқарған азаматтардың бұл оқиғаға ықтимал қатысы жан-жақты тексеріліп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында олардың әрекеттеріне принципті құқықтық баға берілетін болады», – деді министрлік өкілі.

ІІМ мәліметінше, аталған азаматтар ішкі істер органдарынан қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар