$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Қызметінен кеткен Серік Сәпиев жаңа лауазымға тағайындалды

Редакция
03 ақпан 2026, 13:04
Қызметінен кеткен Серік Сәпиев жаңа лауазымға тағайындалды Сурет авторы: BAQ.kz

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Енді ол алдағы ХХ жазғы Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабтың спорттық блогына жетекшілік ететін болады.

Министрлік бұл тағайындауды кадрлардың жоспарлы ротациясымен түсіндірді. Мұндай ротация өткен жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңартылған заң талаптарында қарастырылған. Сәпиевтің мол тәжірибесі еліміздің ұлттық құрамасын халықаралық додаға дайындау бағытында пайдаланылмақ.

Айта кетейік, бұл жаңалық Серік Сәпиевтің Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымынан кетуінен кейін бірден белгілі болды. Кеше ғана Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз бергені хабарланған еді. Бұл кадрлық өзгерістер әлеуметтік желілерде тараған және қоғамда үлкен резонанс тудырған даулы жанжалдан кейін орын алды.

Соңғы жаңалықтар