$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Көктемгі су тасқыны: Қазақстанның бес өңірінде қауіп күшейеді

Абдрахманов Мағжан
03 ақпан 2026, 10:06
Көктемгі су тасқыны: Қазақстанның бес өңірінде қауіп күшейеді Сурет авторы: Ксения Ребик

Алдағы көктемде Қазақстанның бірнеше аймағында су тасқыны қаупі жоғары болуы мүмкін. Мұндай болжамды «Қазгидромет» республикалық кәсіпорнының синоптиктері жариялады.

Мамандардың мәліметінше, қауіпті арттыратын негізгі себептер – топырақтың қатты тоңдануы, күз мезгіліндегі артық ылғал және қалың қар жамылғысының жиналуы.

🔴 Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар:

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстары.

🟠 Қауіп деңгейі орташа өңірлер:

Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Павлодар, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және Қостанай облыстары.

🟢 Қауіп деңгейі төмен аймақтар:

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстары.

Синоптиктердің болжауынша, жазық жерлерде су тасқынының ең жоғары кезеңі наурыздың соңы мен сәуір айының аралығына сәйкес келеді. Ал таулы өңірлерде тасқын біртіндеп, толқын тәрізді өтіп, көктемнен бастап жазға дейін жалғасуы ықтимал.

Мамандар тұрғындарға алдын ала дайындық жасап, төтенше жағдайлар қызметінің ресми ескертулерін назарда ұстауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар