$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Абдрахманов Мағжан
02 ақпан 2026, 09:21
Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3–4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл жөнінде Ақорданың ресми Telegram-арнасы хабарлады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және ел Президенті Асиф Али Зардаримен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылайды. Атап айтқанда, саяси байланыстарды нығайту, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері күн тәртібінде болады.

Сонымен бірге Президенттің Қазақстан–Пәкістан бизнес форумына қатысуы көзделген. Іс-шара аясында іскерлік әріптестікті күшейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар