$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Күршім ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары басталды

Дулат Абдраманов
01 ақпан 2026, 20:39
Күршім ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары басталды

Күршім ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қолға алынды. Су басу қаупін азайту мақсатында елді мекендерде және аудандық жолдар бойында алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, жолдардағы қарды тазалау, су өткізу арналарының аузын ашу және арықтарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Аудан әкімдігінің мәліметінше, су тасқынының алдын алу үшін су өткізгіш құбырларды қардан тазартуға ерекше көңіл бөлінген.

Қазіргі таңда «ОблШығысЖол» ЖШС жұмысшылары «Күршім–Қалжыр» автожолының 28–31 шақырым аралығындағы су өткізгіш құбырларды тазалап жатыр. Бұл жұмыстарға екі техника мен 10 адам тартылған. Жоспарға сәйкес, жұмысшылар бірнеше күн бойы белгіленген аумақтардағы су арықтарын қардан тазартады.

Сонымен қатар осындай жұмыстар «Күршім–Алғабас» бағытындағы жол бойында да жүргізілуде. Аталған аумақтағы су өткізгіш құбырларды тазалау ісін «Күршім» коммуналдық кәсіпорны атқарып жатыр.

Аудан әкімдігі көктемгі су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар