Тіл мәселесінде уақыт біздің мүддемізге жұмыс істеуде
Жанат Момынқұлов
Қазақстан тәуелсіздіктің 34 жылында маңызды қоғамдық-cаяси даму кезеңдерінен өтіп, елеулі демографиялық өзгерістерге куә болды. Осы ретте мемлекеттік тіл бірте-бірте өте езекті қоғамдық мәселелерінің біріне айналуда. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді саясиландырмай, қоғамда тіл мәселесін құқықтық алаң шеңберінде шешу аса маңызды. Уақыт біздің ұлттық мүдделеріміз бен бейбіт болашағымыз үшін жұмыс істеп жатыр.
Осы жылдың басында Президент қазақ тілінің болашағы жарқын екенін айтып, мемлекеттік тілдің қоғамды ұйыстыру жолындағы маңызды рөлін айрықша атап өткен еді. Жуырда, Мемлекет басшысы “ешкім ешкімге қай тілде сөйлеу керектігін мәжбүрлей алмайды” деген мағыналы мәлімдемесі жаңа саяси жүйенің қоғамдық келісімді, этносаралық толеранттылықты және қоғамдық тепе-теңдікті сақтауға деген ұмтылысын білдіреді. Меніңше, бұл мәлімдеме тілге қатысты жекелеген оқиғалар мен тіл мәселесінің саясилану ықтималдығына жауап ретінде айтылған сыңайлы.
Бәлкім, қазақтілді азаматтардың бір бөлігі қоғамдағы мемлекеттік тіл мәселесін әлі де өткір мәселе ретінде қабылдап, мемлекет қазақ тілін толық қолдауға жеткілікті саяси ерік-жігер танытпай отыр деп санауы мүмкін. Осы жағдайда “Қазақстанда қазақтілді азаматтардың құқықтары шектеле ме?” деген сұраққа құқық тұрғысынан ашық жауап берілуі тиіс. Заң жүзінде қазақтілділердің құқы әлбетте шектелмейді. Өйткені, Конституция бойынша, қазақ тілі – мемлекеттік тіл және оның мәртебесі заңмен қорғалған. Барлық мемлекеттік қызметтер, заңдар мен ресми құжаттар қазақ тілінде жүргізіледі.
Дегенмен, нақты өмірде шынайы жағдай күрделілеу болуы мүмкін. Өйткені, қалалық және өндірістік ортада көбіне орыс тілі әлі басым болуы ықтимал. Осындайда қазақтілді азаматтар қоғамдық орындарда мемлекеттік тілде сөйлеуді сұрағанда кейде ескерусіз қалып, жекеменшік бизнес, IT, құқық саласында қазақ тілі жеткілікті деңгейде қолданылмай келеді.
Соған қарамастан, соңғы жылдары жастар мен қала тұрғындары арасында қазақ тіліне қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Әрине, соңғы 3-4 жылдағы тілге қатысты оң өзгерістерді атап өтпеуге болмайды. Соңғы бес жылда қазақтілді YouTube, Instagram, подкасттар мен сапалы контенттер көбейді. Осының әсерімен қалалық жастар қазақ тілін мәдениет, таным мен мансап тілі ретінде қабылдай бастады. Білім саласындағы реформалар өз нәтижесін бере бастады: мектеп бітірушілер мен талапкерлердің басым көпшілігі қазақ тілді болып, техникалық пәндер қазақшаға аударылуда. Қазақы болмыстың жылдам нығаюын өзге этностар мен тілдерге қарсы қоймау қажет. Қазақ тілінің символдық мәні де нығаюда – көше атауларының өзгеруі, топонимдердің жаңаруы, ұлттық мәдениеттің сән, музыка, өнер, мәдениет, кино арқылы танылуы орын алуда. Парламент депутаттары мен саясаткерлер көбіне қазақша сөйлейтін болды.
Қазақ тілі мүмкіндіктердің тіліне айналып, мемлекеттің және халықтың басты тілі ретінде азаматтық ұлт қалыптастырудың негізі бола алады. Тіл біздер үшін сыртқы әлемнен оқшауланбай, мәдени егемендікті нығайтудың құралы. Тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін қазақ тілінде гуманитарлық және технологиялық салаларды дамыту арқылы елдің инновациялық әлеуетін арттыруға болады. Бұл тұста жасанды ақыл мен цифрландырудың маңызы аса зор. Түрлі этностарымыз қазақ тілі арқылы ұлттың ортақ болашағына үлес қоса алады.
Тіл мәселесінің шамадан тыс саясилануы – тәуекелдерге және қолдан жасалған қақтығыстарға апаруы мүмкін. Тіл белсенділері тарапынан да, олардың қарсыластары тарапынан да популизм мен радикализм болмауы тиіс. Бюрократия мен білім жүйесінің инерциясы тілдік реформаларды баяулатуы ықтимал. Әсіресе техникалық, интеллектуалды және ғылыми салаларда қазақ тілінде өнім жасайтын мамандарды арттыру қажет.
Осы ретте, Қазақстан көптілді елдердің тіл саласындағы тәжірибесін ескеріп, тиісті сабақтарды, шараларды қабылдауы қажет. Мысалы, Сингапур мен Малайзия қалай мемлекеттік тілдің басымдығын, этносаралық толеранттылықты сақтай алды, Алжирде отарлаушы француз тілінің ықпалын азайтуда араб тілін дамыту тәжірибесінің қандай болымсыз нәтижелері, Индонезияда тілді қалай латын әріптерімен стандарттай алды, Канададағы қостілділіктің артықшылығы мен зияны сияқты ұқсас елдердің тәжірибесінен қажетті тұстарын алып ұлттық тіл моделімізді жетілдіруге болады.
Қорытындылайтын болсақ, Қазақстан тіл мәселесін асықпай, бірақ батыл және ең оңтайлы түрде шеше алады деген сұраққа жауап беруіміз қажет. Қазақ тілін қалайша функционалды, танымдық, практикалық, толыққанды дамыған тілге айналдыра аламыз? Тіл мәселесінде агрессив мінез-құлық көрсету халқымыздың сабырлы табиғатына жараспайды, мемлекеттік тіл – қазақ үшін қақтығыс жолы емес, жұмсақ күшпен жеңу, біртіндеп, табиғи қазақыландыру жолы. Бұл – орыс тілі мен өзге тілдерден бас тарту емес, уақыт ұтып, табиғи өсімді, тарихи балансты қалпына келтіру. Қазақ тілі алдағы келешекте – мүмкіндіктердің, абыройдың, бейбіт достықтың, ұлттық диалогтың тілі болады. Қазіргі геосаяси дағдарыстар, сыртқы қысым мен жаһандық тұрақсыз жағдайда, Қазақстанға қалай болса да қоғамның ішкі бірлігін сақтау аса маңызды болып тұр. Демек қазақ тілі – Қазақстан азаматтарын бөлетін шекара емес, қайта басын біріктіретін көпір болуы тиіс.
Жанат Момынқұлов, Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымының кандидаты, саясаттанушы
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын