$ 461.26 € 542.58 ₽ 6.18

Жеңіс күні қарсаңында Бауыржан Момышұлының рухына тағзым жасалды

Дулат Абдраманов
09 мамыр 2026, 12:59
Жеңіс күні қарсаңында Бауыржан Момышұлының рухына тағзым жасалды Сурет авторы: Ақорда

 

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы даңқты қолбасшының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Рәсімге Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері де қатысты.

Іс-шара барысында Ерлан Қарин батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтып, олардың есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Соңғы жылдары елде майдангерлердің тарихи мұрасын ұлықтауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылы «Айбын» орденінің дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілді.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай батырға «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Қазақ рухының символына айналған Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өмір жолы бүгінгі жас ұрпақ үшін отансүйгіштіктің, ар-намыстың және елге қызмет етудің жарқын үлгісі болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар