$ 463.41 € 546.27 ₽ 6.18

Роман Скляр ERG басшысы болуы мүмкін – Financial Times

Абдрахманов Мағжан
08 мамыр 2026, 12:14
Роман Скляр ERG басшысы болуы мүмкін – Financial Times Сурет авторы: primeminister.kz

Роман Скляр тау-кен алыбы Eurasian Resources Group компаниясын басқаруы мүмкін. Бұл туралы Financial Times ішкі құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, жұма күні ERG директорлар кеңесі жиналып, басшылық құрамдағы ірі өзгерістерді қарастырады. Күн тәртібінде Склярды холдингтің жаңа басшысы етіп тағайындау мәселесі бар.

Қазіргі таңда компанияны Шухрат Ибрагимов басқарады. Ол – ERG негізін қалаушылардың бірі Әлижан Ибрагимовтың ұлы. Financial Times жазуынша, холдинг ішінде компанияны бақылауға қатысты келіспеушіліктер бар, акционерлердің мүдделері әртүрлі.

Бұған дейін Машкевичтер мен Шодиевтер әулеті өз үлестерін қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке сатуды жоспарлап отырғаны хабарланған. Мәміле шамамен 1,4 млрд долларға бағаланған. Ақпаратқа сәйкес, оны Glencore қолдауға дайын.

Басылым ықтимал кадрлық өзгерістер мен акционерлік құрамның ауысуы ERG-дегі Қазақстан билігінің ықпалын күшейтуі мүмкін екенін атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар