Абай өңірінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне зор құрмет көрсетілді
Сурет авторы: Абай облысы әкімдігі
Абай облысының әкімі Берік Уәли Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында бейбіт күннің батыры, айтулы мейрам күндері Ресей астанасы Мәскеу қаласында жүрген майдангер Григорий Маларовпен арнайы бейнебайланыс арқылы тілдесіп, оны айтулы мерекемен құттықтады.
Облыс әкімі қазіргі таңда Абай өңірі бойынша ортамызда жүрген жалғыз көзі тірі соғыс ардагеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған құттықтау хатын жеткізіп, оқып берді.
«Сіздің өмір жолыңыз жас ұрпақ үшін шынайы отансүйгіштіктің үлгісі болып саналады. «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды» – Жеңіс күнінің барлық мән-мағынасы осы сөздерге сыйып тұр. Халқымыз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің теңдессіз ерлігін әрдайым есте сақтап, құрметтейтін болады. Барша отандастарымыздың атынан Сізге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!», – деп жазылған Президенттің ақжарма тілегінде.
Осы орайда қадірлі майдангерге мемлекет қамқорлығы аясында 5 миллион теңге көлемінде біржолғы қаржылай сыйақы табысталды.
Алдағы жаз айларында ғасырлық 100 жас мерейтойын атап өткелі отырған Григорий Маларов небәрі 19 жасында қолына қару алып, қан майданға аттанған болатын. Ол сұрапыл соғыс кезеңінде Екінші Балтық майданының қатарында шайқасып, Эстония және Польша мемлекеттерін жаудан азат ету операцияларына белсене қатысты, сөйтіп жеңісті қадаммен Берлинге дейін жетті. Қанды қырғында көрсеткен өжеттігі мен қайсарлығының арқасында Ұлы Жеңісті жақындатуға сүбелі үлес қосты.
Майданнан оралғаннан кейінгі бейбіт өмірде ардагер Шүлбі су электр станциясында (ГЭС) бас экономист лауазымында жемісті еңбек етті. Еліміздің энергетикалық кешенін өркендетуге сіңірген қажырлы еңбегі мен табандылығы үшін «Ерен еңбегі үшін», сондай-ақ «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталған.
Мұнымен қоса, аймақ басшысы осы күні Семей шаһарында ғұмыр кешіп жатқан тыл ардагерлері Шайхслям Үскенбаев пен Иван Бельгердің шаңырақтарына арнайы барып, ақсақалдарды қасиетті Жеңіс күнімен құттықтап қайтты.
Қанқұйлы соғыс бұрқ ете қалған шақта Шайхслям Үскенбаев небәрі 13 жастағы бозбала еді. Ол кезде отағасы еңбек армиясының қатарына шақырылып, ал анасы ауылда майдангерлерге жылы қолғаптар тоқып, тылдағы тынымсыз шаруашылыққа жегілді. Жасөспірім Шайхслям 14 жасынан бастап колхоздың ауыр жұмысына араласып, тер төкті. Майдан аяқталып, бейбіт заман орнаған соң, ол халық депутаттары кеңесіне қарасты ауылдық кеңестің төрағасы міндетін абыроймен атқарып, халық арасында зор құрметке бөленді. Өңірдің қоғамдық және әлеуметтік саласының өркендеуіне аянбай атсалысты. Қазіргі күні Семей қаласында бала-шағасы мен немерелерінің қызығын көріп, бақытты қарттық кешуде. Тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін тоқсан сегіз жастағы ақсақал бірнеше мемлекеттік марапаттарды кеудесіне таққан. Қария мәртебелі мейманға өз ырзашылығын білдіріп, жас ұрпақтың болашағына ақ батасын арнады.
Ал Иван Бельгер болса 1927 жылы туған. Екінші дүниежүзілік соғыс оты тұтанған тұста ол да басқалар секілді еңбекке өте ерте араласты. Сұрапыл соғыс уақытында Қазақ даласына депортацияланған Бельгерлер әулеті алғашында Павлодар облысына келіп түсіп, бертін келе Майқарағайдағы орман шаруашылығына тұрақтады. Иван Иванович он бес жасында ірі жүк көліктерінің рөліне отырып, тылдағы ауыр еңбек майданының бел ортасында жүрді. Кейіннен ол ұзақ жылдар бойы орман шаруашылығында жүргізуші, одан соң механик қызметтерін атқарды. Ал қызмет жолының соңында Екібастұз қаласындағы көміравтоматика мекемесінде бас механик болып жұмыс істеп, жалпы саны 58 жылдық еңбек өтілімен құрметті демалысқа шықты. Бүгінде Семейде тұратын 99 жастағы еңбек ардагерінің өңірінде «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және «Еңбек ардагері» сынды көптеген құрметті медальдар жарқырайды.
Облыс әкімі тыл ардагерлеріне арнайы ілтипат көрсетіп, олардың жүріп өткен қиын да күрделі өмір жолдары бүгінгі жастар үшін баға жетпес өнеге мектебі екенін ерекше атап өтті.
«Соғыс жылдары бар ауыртпалықты көтеріп, тылда тынымсыз тер төгіп, елдің еңсесін тіктеуге өлшеусіз үлес қостыңыздар. Мереке қарсаңында хал-жағдайларыңызды біліп, облыс жұртшылығы атынан құттықтайық деп арнайы келіп отырмыз. Сіздердің өмір жолдарыңыз кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, үлкен мектеп», – деді Берік Уәли ақсақалдарға қарата айтқан сөзінде.
Тарих парақтарына көз жүгіртсек, Абай өңірінен жалпы саны 100 мыңға тарта ер-азамат қасиетті Отанды қорғау үшін қан майданға аттанған болатын. Өкінішке қарай, олардың ішінде 44 мыңнан астам боздақ туған жердің топырағына қайта орала алмады. Соғыс даласында жауға қарсы көрсеткен көзсіз батырлығы мен ерен ерліктері үшін 56 жерлесіміз ең жоғарғы «Кеңес Одағының Батыры» деген құрметті атаққа ие болды.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын