$ 461.26 € 542.58 ₽ 6.18

«МӘҢГІЛІК АЛАУ» БАСЫНДА ТАҒЗЫМ: ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛДЫ

Дулат Абдраманов
09 мамыр 2026, 21:37
«МӘҢГІЛІК АЛАУ» БАСЫНДА ТАҒЗЫМ: ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛДЫ

Түркістандағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған тағылымды шара өтті. «Мәңгілік алау» маңына жиналған жұрт майданда қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты жиынға ардагерлер, әскери қызметкерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Көпшілік «Даңқ» аллеясын аралап, ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жеңіс күні – тек мереке емес, елдік пен ерліктің символы екенін атап өтті.

– Қазақ халқы соғыс жылдарында теңдессіз батырлық көрсетті. Майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбек адамдары да Жеңісті жақындату үшін жан аямай еңбек етті. Біз батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз, – деді өңір басшысы.

Бүгінде Түркістан облысында небәрі 3 ҰОС ардагері қалды. Олар Сайрам, Сарыағаш және Жетісай аудандарында тұрады. Биыл ардагерлерге 5 миллион теңгеден берілді.

Кеш соңында патриоттық әндер шырқалып, Жеңіс рухы мен бейбіт күннің қадірі тағы бір мәрте сезілді.

Соңғы жаңалықтар