$ 463.41 € 546.27 ₽ 6.18

Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында 6 медаль иеленді

Редакция
08 мамыр 2026, 12:43
Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында 6 медаль иеленді

Қазақстан Республикасының оқушылар құрамасы Грекияның Салоники қаласында өткен беделді халықаралық Balkan Mathematical Olympiad (BMO-2026) зияткерлік жарысында жоғары нәтиже көрсетті. 3-8 мамыр аралығында өткен дода қорытындысы бойынша отандық жас математиктер 6 медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 24 мемлекеттің ішінде 6-орынға тұрақтады.

Биылғы 43-ші Балқан математикалық олимпиадасына Албания, Болгария, Румыния, Түркия және Сербия сияқты математикалық мектептері әлемге танымал 24 елден 148 үміткер қатысты. Олимпиадалық есептердің күрделілігі мен бәсекелестіктің жоғарылығына қарамастан, Қазақстан құрамасы зияткерлік әлеуетінің деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль түсті.

Алтын медаль иегері – Мурат Тимур, Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері:

Алиасқар Сұлтанәлі – Астана қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

Бейганов Батырхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

Еркебұланұлы Али – Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы;

Ансатов Арнұр – Қызылорда облыстық №9 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

 

Ұлттық құраманың жетекшілері – Қазақ-Америка университеті президенті Асылбек Исахов және «Астана-Нұра» зияткерлік мектебінің маманы Мұхтар Қабақ

Соңғы жаңалықтар