Қазақстан азаматтарын Украинадағы соғысқа қалай тартып жатыр?
Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы
2025 жылдың басынан бері Ресей қарулы күштерімен соғысқа қатысу үшін кемінде 529 қазақстандық келісімшартқа қол қойған. Бұл деректі 25 шілдеде Украина мемлекеттік «Хочу жить» жобасы жариялады. Украина жағында соғысып жүрген қазақстандықтар туралы ресми де, бейресми де мәлімет жоқ. Жалпы, елден тыс жердегі қарулы қақтығыстарға қатысқанын айту – Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупін тудырады.
Соғысқа тарту әдістері мен бағыттары
Elmedia журналисі Аян Шәріпбаевтың DW басылымына айтуынша, ресейлік үгіттеушілер қазақстандық ақпараттық кеңістікте 2023 жылдың ортасынан белсенді жұмыс істей бастаған. Әлеуметтік желілерде, HH, OLX сайттарында және арнайы ашылған платформаларда соғысқа қатысу шарттары ашық көрсетіледі. Алматыда "Сайран" автовокзалынан, Шымкентте теміржол вокзалынан апта сайын Ресейге вахталық жұмысқа баратын топтар жолға шығады. Олардың бір бөлігі Омбы, Орынбор немесе Челябі арқылы батысқа, яғни Украинаға жөнелтіледі.
Жарнамаларда Ресей қорғаныс министрлігінен 4 млн рубль көлеміндегі бір реттік төлем, ай сайын 210 мың рубль жалақы, 10 млн рубльге дейінгі қарыздарды және несиелерді өтеу және 12,4 млн рубль көлемінде сақтандыру төлемі уәде етіледі. Сонымен қатар қарсыластың әскери техникасын жойғандарға арналған «бағалар тізімі» мен соғыста жүрген қазақстандықтардың пікірлері де жарияланады.
Украина жағынан да ұсыныстар бар
Украиналық тарап қазақстандықтарды мессенджерлердегі хабарламалар, волонтерлер және кейде көшеге жапсырылған хабарландырулар арқылы шақырады. Мысалы, 19 жастағы алматылық Тұран Устюгов осындай шақырумен Украина жағында соғысуға барған болуы мүмкін. Ол 2024 жылдың қазанында Ресей аннексиялаған Қырымда ұсталып, 2025 жылғы маусымда 12 жылға сотталды.
Құқық қорғау органдарының әрекеті
«Ресей мен Украина тарапынан азаматтарымызды соғысқа тартушылардың белсенділігі бізді қатты алаңдатады. Сондай-ақ азаматтарымызды Ауғанстан мен Сириядағы қақтығыстарға тарту мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Осы себепті бізде құрылған арнайы орталықтар тәулік бойы барлық әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарын шетелдегі жалдамалылар мен қарулы қақтығыстарға қатысушыларды анықтау мақсатында бақылауда ұстайды. Қазақстан мұндай адамдардың ел аумағында өмір сүруіне жол бермейді. Олардың барлығы сөзсіз ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі», – деді мәліметті DW-ге берген аты-жөнін жарияламауды өтінген Қазақстанның арнайы қызмет өкілі.
Сондай-ақ оның айтуынша, жалдамалыларға ұсыныстары бар сайттар бұғатталады, ал Ресей мен Украинадан күмәнді түрде байып келген адамдарға салық органдары назар аударады.
Жаза түрлері
ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы – елден тыс жерде қақтығыстарға қатысу – 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Ал 170-бап – жалдамалылық – 7 жылдан 12 жылға дейін, ал жалдамалының әрекетінен адам өлімі фактісі тіркелсе, не басқа да ауыр зардап болған жағдайда 20 жылға дейінгі мерзім және мүлікті тәркілеу мен азаматтықтан айыру жазасын қарастырады.
2022 жылдан 2025 жылдың тамызына дейін 172-бап бойынша 92, ал 170-бап бойынша 5 іс қозғалды. Биыл 172-бап бойынша үш үкім шықты: қаңтарда – Сәтпаев тұрғыны (4 жыл 6 ай), мамырда – Алматы тұрғыны (5 жыл), тамызда – Атырау тұрғыны (5 жыл). 170-бап бойынша әзірге сотталғандар жоқ.
Соңғы жаңалықтар
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 минут бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
30 минут бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
46 минут бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын