Жаңа геосаяси кезеңдегі Қазақстан: Түркия академиялық ортасы Тоқаевтың стратегиясын талдады

Редакция
28 қараша 2026, 19:06
Жаңа геосаяси кезеңдегі Қазақстан: Түркия академиялық ортасы Тоқаевтың стратегиясын талдады Сурет авторы: Акжигит Чукубаев / Kazinform

Түркия астанасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы арқау болған сараптамалық талқылау өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Анкарадағы Қажы Байрам Уәли университетінде «Қазақстан дамуының стратегиялық басымдықтары және Қасым-Жомарт Тоқаев» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырылды. Маңызды жиынға аталған оқу орнының Түркі әлемін зерттеу және қолданбалы зерттеулер орталығы, Азияны қолданбалы зерттеулер орталығы және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мұрындық болды.

Басқосуға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев арнайы қатысып, алғысөз сөйледі. Дипломат өз баяндамасында еліміздің негізгі даму бағыттарына тоқталып, стратегиялық бастамаларға қатысты өз бағасын берді.

Талқылау барысында сарапшылар Мемлекет басшысының 28 қазандағы Жолдауында көтерілген негізгі міндеттерге терең үңілді. Атап айтқанда, елді одан әрі жаңғырту, экономикалық әлеуетті күшейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру тетіктері сөз болды. Түркияның академиялық қауымдастық өкілдері құбылмалы халықаралық ахуал жағдайында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инфрақұрылымдық өзгерістер мен ұзақмерзімді мемлекеттік саясат мәселелерін ғылыми-зерттеу тұрғысынан жан-жақты саралады.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай еркін форматтағы пікірталастар Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық диалогты кеңейтіп қана қоймай, екі елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді тереңірек түсінуге жол ашады. Сонымен қатар бұл қос мемлекеттің университеттері мен зерттеу орталықтары арасындағы кәсіби байланысты нығайта түспек.

Соңғы жаңалықтар