Димаш Құдайберген келесі концерті қайда өтетінін айтып, үлкен шоуға дайындық құпияларымен бөлісті

Редакция
27 қараша 2026, 10:57
Димаш Құдайберген келесі концерті қайда өтетінін айтып, үлкен шоуға дайындық құпияларымен бөлісті Сурет авторы: dimashnews.com

Қазақстандық әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Перу астанасы Лимада өтетін жеке концерті қарсаңында жергілікті Peru 21 басылымына сұхбат берді. Әңгіме барысында өнер иесі әлемдік турнеге дайындық барысы, дауыс күтіміндегі ерекшеліктер және мансабындағы жанкүйерлерінің рөлі туралы баяндады.

Айта кетейік, әншінің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті 1 желтоқсанда Лимадағы Costa 21 алаңында өтеді.

Димаштың сөзінше, жаңа шоуды ұйымдастыру жұмыстарына шамамен бір жыл уақыт кетсе, қойылым, музыкалық өңдеулер мен визуалды эффектілерді әзірлеу жарты жылдан астам уақытқа созылған.

Сондай-ақ әртіс концерт болатын күні дауысын сақтау үшін қандай шектеулерді қатаң ұстанатынын жасырмады. Атап айтқанда, әнші:

  • ащы тағамдардан;

  • тәтті шырындардан;

  • газдалған және салқын сусындардан толықтай бас тартады. Сонымен қатар концерт күні барынша аз сөйлеуге тырысады.

Сұхбат барысында Димаш қазақ мәдениетін шетелде насихаттау мәселесіне ерекше тоқталды. Ол халықаралық деңгейдегі үлкен сахналарда өнер көрсетуді бала кезінен армандағанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар