«Көліктен шығармай сүйіспек болды»: Алматыда 15 жастағы қыздың анасы полицияға шағымданды

Редакция
26 қараша 2026, 22:49
«Көліктен шығармай сүйіспек болды»: Алматыда 15 жастағы қыздың анасы полицияға шағымданды Сурет авторы: Кадр из видео

Алматыда 15 жастағы жолаушыға еркінен тыс қол тигізген такси жүргізушісі қамауға алынды. Жасөспірімнің сөзіне қарағанда, ер адам жол бойы қызға тиісіп, межелі жерге жеткен соң көліктен шығармай сүймек болған. Бұл жайтты қызынан естіген анасы бірден Алмалы аудандық полиция басқармасына шағымданған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатқанын жеткізді. Ведомство өкілдері кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтар ерекше бақылауда екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар