Жемқорлық дауынан кейінгі кадрлық тазарту: «Қазатомөнеркәсіпте» бір аптада үшінші топ-менеджер лауазымын босатты

Редакция
27 қараша 2026, 13:25
Жемқорлық дауынан кейінгі кадрлық тазарту: «Қазатомөнеркәсіпте» бір аптада үшінші топ-менеджер лауазымын босатты Сурет авторы: Қазатомөнеркәсіп

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов 26 қараша күні өз еркімен қызметінен кетті. Бұл - бір апта ішінде компания басқармасынан кеткен үшінші топ-менеджер.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметке сүйенсек, Дархан Сағындықовтың жеке өтініші негізінде директорлар кеңесі оның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес аталған лауазымның функционалдық міндеттемелері компания басшылығы арасында қайта бөлініп, атқарылады», - деп нақтылады компания өкілдері.

Осылайша, осы аптада «Қазатомөнеркәсіп» басқармасының бірден үш мүшесі қызметімен қош айтысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және тағы бірқатар тұлғаны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген еді.

Соңғы жаңалықтар