Түркістан облысында жаңа футзал клубы құрылды

Редакция
27 қараша 2026, 21:49
Түркістан облысының атынан өнер көрсететін жаңа футзал командасы құрылды. Жобаның бастамашылары клубтың логотипін таныстырып, оның жеке басқару жүйесі мен даму стратегиясы болатынын мәлімдеді.
Түркістан облысында жаңа футзал клубы құрылды

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман Түркістан облысының атынан өнер көрсететін жаңа футзал клубының құрылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, команда жеке бастама негізінде құрылып, дербес басқару жүйесі мен даму стратегиясына ие болады. Клубтың мақсаты – кәсіби деңгейде бәсекеге қабілетті команда қалыптастыру.

Жаңа клубтың логотипінде Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын бейнелейтін Тайқазан, қос мұнара және сұр келес бейнеленген. Соңғысы команданың ресми маскоты ретінде таңдалған.

Клуб өкілдері команданың құрамы, мақсат-міндеттері, демеушілері мен серіктестері туралы ақпаратты алдағы уақытта жариялауға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар