«Тапсырыс берген жоқпыз»: Әкімді мақтап, басы дауға қалған семейлік асабалардың видеосына қатысты ресми мәлімдеме жасалды

Редакция
26 қараша 2026, 21:48
«Тапсырыс берген жоқпыз»: Әкімді мақтап, басы дауға қалған семейлік асабалардың видеосына қатысты ресми мәлімдеме жасалды Сурет авторы: 4vlastinfo.kz

Семейде екі асабаның облыс әкімін жер-көкке сыйғызбай мақтаған бейнежазбасы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің сынына ұшырады. Қоғамда түрлі пікір тудырған атышулы роликке қатысты Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Қасым арнайы түсініктеме берді.

Ресми өкілдің мәліметінше, даулы видео 25 қараша күні кешкісін Instagram және TikTok желілерінде жарияланған. Алайда әкімдік өкілдері жазбаны байқаған бойда авторлардан оны дереу өшіруді талап еткен. Нәтижесінде ролик бастапқы парақшалардан алынып тасталғанымен, желі қолданушылары оны көшіріп үлгеріп, WhatsApp мессенджері мен өзге де арналар арқылы жаппай таратып жіберген.

Абай облысы әкімдігі бұл бастамаға ешқандай қатысы жоқ екенін кесіп айтты.

«Бейнежазбаның облыс әкімдігіне, оның құрылымдық бөлімшелеріне немесе өңірдегі мәдениет мекемелеріне ешқандай қатысы жоқ. Оны түсірген азаматтар мемлекеттік органдардың қызметкерлері емес. Видео жеке бастамамен әзірленген, әкімдік тарапынан мұндай материал түсіруге ешқандай тапсырма берілмеген», - деп мәлімдеді Азамат Қасым.

Соңғы жаңалықтар