Электронды күнделіктер істен шықты: BilimClass платформасында техникалық ақау шықты

Редакция
27 қараша 2026, 13:26
Электронды күнделіктер істен шықты: BilimClass платформасында  техникалық ақау шықты Сурет авторы: DKNEWS.KZ

27 қараша күні таңертең қазақстандық оқушылардың ата-аналары әлеуметтік желілер мен мектеп чаттарында BilimClass білім беру платформасының жұмысына жаппай шағымдана бастады. Қолданушылар қосымшаға кіре алмай қалған, ал екінші ауысымда оқитын балалардың ата-аналары электронды күнделіктерден үй тапсырмаларының мүлде көрінбей кеткенін хабарлады.

Платформа өкілдері жүйеде техникалық ақаулар орын алғанын ресми түрде растады.

«Біз платформаның толыққанды жұмысын барынша тез қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», - деп мәлімдеді BilimClass әкімшілігі.

Сонымен қатар кейбір қолданушыларға қате хабарламалар мен түсініксіз ескертулер келгені белгілі болды.

Техникалық ақаудың нақты себептері мен жүйенің қашан толық іске қосылатыны әзірге айтылған жоқ. Сондай-ақ әкімшілік бұл жағдайдың еліміздің барлық өңіріне әсер еткен-етпегенін және мұғалімдерге бағалар мен үй тапсырмаларын қайта енгізуге тура келетін-келмейтінін нақтыламады.

BilimClass техникалық қолдау қызметінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, сұрақтар туындаған жағдайда:

  • +7 700 344 95 05 нөміріне қоңырау шалуға;

  • bilimclass.kz сайтындағы онлайн-чатқа жазуға болады.

Қолдау қызметі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар