Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында штаттық режимде жұмыс істеп тұрған бекеттер белгілі болды

Редакция
26 қараша 2026, 12:22
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында штаттық режимде жұмыс істеп тұрған бекеттер белгілі болды Сурет авторы: Informburo.kz

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Сыпатай батыр» және «Чалдыбар» өткізу пункттері арқылы көлік қозғалысы шамамен алты айға уақытша шектеледі. Бұл туралы Көліктік бақылау комитеті ресми мәлімдеді.

Шектеудің басты себебі - қазақстандық өткізу бекетінде заманауи инспекциялық-тексеру кешенінің (ИТК) салынуы. Жаңа кешен іске қосылған соң келесі мүмкіндіктерге жол ашылады:

  • бекеттің көлік өткізу қабілеті артады;

  • тексеру тиімділігі жоғарылайды;

  • мемлекеттік шекараны кесіп өту жағдайлары айтарлықтай жақсарады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 25 қарашада бастау жоспарланған болатын. Ал Қазақстаннан Қырғызстан бағытына қатынайтын жүк көліктері үшін ішінара шектеулер 23 қарашадан бастап күшіне енді. Екі пункт арқылы көлік қозғалысын 2027 жылдың соңына қарай толық қайта жандандыру көзделіп отыр.

Жаяу жүргіншілер шекарадан штаттық режимде еш кедергісіз өте алады. Олар үшін құрылыс алаңы мен ауыр техника жүретін аймақтан тыс жерде арнайы қауіпсіз уақытша бағыттар ұйымдастырылады.

Ал тасымалдаушылар мен жүргізушілер қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа да жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін пайдалана алады:

  • «Қордай»;

  • «Қарасу»;

  • «Ауқатты»;

  • «Сортөбе»;

  • «Айша-Бибі».

Соңғы жаңалықтар