Шуда ер адамның соққысынан әйел қайтыс болды

Редакция
26 қараша 2026, 23:00
Шуда ер адамның соққысынан әйел қайтыс болды Сурет авторы: пресс-служба ДП Жамбылской области

Жамбыл облысының Шу қаласында 24 қарашада басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен әйел қайтыс болды. Әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, 40 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«НеМолчи.kz» қорының мәліметінше, 1976 жылғы әйелді бұрынғы бірге тұрған ер адамы өз үйінде ұрып-соққан. Есінен танып қалған әйелге шамамен 10 сағат бойы медициналық көмек көрсетілмеген. Ер адам жедел жәрдем шақырмағанын әйелді ұйықтап жатыр деп ойлағанымен түсіндірді.

Әйел комада жатып, жансақтау бөлімінде емделгенімен, 26 қарашада көз жұмды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті 40 жастағы күдіктінің ұсталғанын растады. Қазір тергеу оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар