«Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшелерінің қызметтен кетуі мен қамауға алынуынан кейін инвесторларға үндеу жасады
Сурет авторы: Казатомпрома
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының директорлар кеңесі басқарма құрамындағы үш бірдей топ-менеджердің қызметтен кетуі мен олардың бірінің сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталуына байланысты акционерлерге, клиенттер мен серіктестерге арнайы үндеу жолдады.
Директорлар кеңесі соңғы оқиғалардың инвесторлар, қызметкерлер және іскер серіктестер арасында алаңдаушылық тудыруы мүмкін екенін мойындап, корпоративтік бақылауды күшейтуге уәде берді.
«Директорлар кеңесі тиімді корпоративтік бақылауды қамтамасыз ету жауапкершілігін толық сезінеді және тәуелсіз тексеру немесе тергеу барысында анықталуы мүмкін ішкі бақылау мен рәсімдердегі кез келген кемшіліктерді жоюға ниетті. Біз фактілерді объективті түрде анықтау қағидатын ұстанамыз», - делінген ресми хабарламада.
Компания құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар директорлар кеңесі кінәсіздік презумпциясын сақтай отырып, құқықтық рәсімдер аяқталғанға дейін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы алдын ала қорытынды жасаудан бас тартатынын мәлімдеді.
Ұлттық компания өкілдері болып жатқан жағдайлар операциялық қызметке ешқандай кері әсерін тигізбегенін атап өтті. 2026 жылға арналған өндірістік және қаржылық жоспарлар, сондай-ақ даму стратегиясы өзгеріссіз қалған. Басқармада кворум сақталған, ал қызметтен кеткен басшылардың міндеттері өзге менеджерлер арасында бөлінді. Жаңа тағайындаулар туралы қосымша хабарланбақ.
«Қазатомөнеркәсіптің» тұрақтылығы басқарушы команданың жекелеген мүшелеріне тәуелді емес: ол қызметкерлеріміздің өз ісіне адалдығына, жинақталған тәжірибеге, жолға қойылған серіктестік қарым-қатынастарға және мүдделі тараптардың қолдауына негізделген», - деп көрсетілген мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, 25 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті 23 қараша күні «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков пен өзге де тұлғалардың ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған болатын. Олар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар және пара берді деген күдікке ілінген.
Осы оқиғалар аясында коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байгужин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Омарбековтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ал 27 қарашада сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті.
Бұған дейін, 12 қарашада ҰҚК «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиевті жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстап, 14 қарашада сот оларды қамауға алуға санкция берген еді.
Соңғы жаңалықтар
-
Түркістан облысында жаңа футзал клубы құрылды
10 сағат бұрын
-
Электронды күнделік неге істемей қалды? BilimClass пайдаланушыларға маңызды ескерту жариялады
13 сағат бұрын
-
Үнемдеймін деп шығынға батпаңыз: ірі дүкендер «Қара жұмада» тұтынушыларды қалай алдайды
13 сағат бұрын
-
«Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшелерінің қызметтен кетуі мен қамауға алынуынан кейін инвесторларға үндеу жасады
14 сағат бұрын
-
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
14 сағат бұрын
-
Прокуратура Satbayev University проректорының ісіне қатысты мәлімдеме жасады
14 сағат бұрын
-
Билет тапшылығы шешілді: мерекелік қосымша пойыздарға сатылым басталды.
14 сағат бұрын
-
Түркістан облысында 1,1 млрд теңге субсидия жымқырылды
15 сағат бұрын
-
120 миллион еуроны заңдастыру схемасы: Еуропаның 12 елінде 300-ден астам тінту жүргізілді
15 сағат бұрын
-
2027 жылы қазақстандықтардың табысы қалай өзгереді
15 сағат бұрын
-
Қазақстанда 300-ден астам компания басшысына шетелге шығуға тыйым салынды
16 сағат бұрын
-
Автобустар мен трамвайлар тегін қызмет көрсетеді: 29 қарашада жолақысы алынбайтын қалалар тізімі жарияланды
16 сағат бұрын
-
Он жылға жуық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
17 сағат бұрын
-
Қарағандыда таңертеңгі көктайғақ салдарынан бірнеше сағат ішінде 37 жол апаты болды
17 сағат бұрын
-
Электронды күнделіктер істен шықты: BilimClass платформасында техникалық ақау шықты
18 сағат бұрын
-
Жемқорлық дауынан кейінгі кадрлық тазарту: «Қазатомөнеркәсіпте» бір аптада үшінші топ-менеджер лауазымын босатты
18 сағат бұрын
-
Жезқазғандағы кісі өлімі: 20 жыл бұрынғы іс бойынша күдікті Ыстанбұлда қолға түсті
19 сағат бұрын
-
Жұмыссыз қалғандарға берілетін төлем 346,5 мың теңгеге дейін өседі: 2027 жылдан бастап ережелер қалай өзгереді
19 сағат бұрын
-
Трамп Иранға соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеп, бірқатар шулы пікір айтты
20 сағат бұрын
-
Димаш Құдайберген келесі концерті қайда өтетінін айтып, үлкен шоуға дайындық құпияларымен бөлісті
20 сағат бұрын
-
ТЖМ қазақстандықтарға шұғыл үндеу жасады: тұрғындарға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берілді
21 сағат бұрын
-
WhatsApp-та көптен күткен жаңа функция іске қосылды
21 сағат бұрын
-
Тоқаев ChatGPT-мен жасаған экспериментінің нәтижесін бөлісіп, классикалық әдебиеттің маңызын түсіндірді
21 сағат бұрын
-
Қазақстан зейнетақы жүйесі бойынша АҚШ пен Жапонияны басып озды
22 сағат бұрын
-
188 миллион теңге жымқырғаны үшін Шымкенттің экс-бас сәулетшісі мен тағы төрт адам 8 жылға дейін сотталды
22 сағат бұрын
-
Шуда ер адамның соққысынан әйел қайтыс болды
1 күн бұрын
-
«Көліктен шығармай сүйіспек болды»: Алматыда 15 жастағы қыздың анасы полицияға шағымданды
1 күн бұрын
-
«Тапсырыс берген жоқпыз»: Әкімді мақтап, басы дауға қалған семейлік асабалардың видеосына қатысты ресми мәлімдеме жасалды
1 күн бұрын
-
Танысудан бас тартқаны үшін Шымкентте бойжеткенге стақан лақтырған ер адам қамауға алынды
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында штаттық режимде жұмыс істеп тұрған бекеттер белгілі болды
1 күн бұрын
-
Бір мезетте екі түрлі төлем алуға болады: Еңбекке қабілеттілігінен айырылған азаматтар нені білуі керек?
1 күн бұрын
-
Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағынан ірі өрт шықты
1 күн бұрын
-
Енді Қазақстандықтар үй жануарларын eGov Mobile қосымшасы арқылы тіркей алады
1 күн бұрын
-
Өмір бойына сотталған экс-президенттің бағы жанды: Жоғарғы сот Юн Сок Ёльді ақтап шықты
1 күн бұрын
-
Күніне бір мас жүргізуші: Таразда 25 күнде 37 адам көлік тізгінінде ұсталды
1 күн бұрын
-
ҰҚК, ІІМ және прокуратураның 803 жалған куәлігі тәркіленді: оларды кімдер сатып алған
1 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін өзгертетін жаңа комиссияның құрамын бекітті
1 күн бұрын
-
Ауа райына байланысты Қазақстанның қай өңірлерінде жол қозғалысы шектелді
1 күн бұрын
-
Каир маңындағы ірі өрттен кейін 31 адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Еңбек нарығындағы мемлекеттік аудит: 471 млн теңгенің қаржылық бұзушылығы мен жүйелі кемшіліктер анықталды
2 күн бұрын
-
АҚШ соты Huawei-ді технология ұрлады және санкцияларды бұзды деп таныды: қытайлық алпауытты енді қандай жаза күтіп тұр?
2 күн бұрын
-
900-ден астам қазақстандық әлеуметтік төлемдерден бас тартты
2 күн бұрын
-
Астанада Го ойыны бойынша «Жібек жолы» халықаралық турнирі өтті
2 күн бұрын
-
Тазалықты сақтамаудың құны - 739 млн теңге
2 күн бұрын
-
Төрт күн бойы ешкім іздемеген: Қарағанды облысында 64 жастағы балықшы қаза тапты
2 күн бұрын
-
Құрылтайда энергетиктерге толық тыйым салуды ұсынды
2 күн бұрын
-
Мектептер қашықтан оқуға көшіріле ме? Денсаулық сақтау министрлігі ресми жауап берді
2 күн бұрын
-
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Мәскеуге барады: екі күндік сапар аясында не талқыланады
2 күн бұрын
-
Бастапқы бағасынан екі есе қымбатқа өтті: әйгілі суретшінің бұрын-соңды аукционға шықпаған туындысы рекордтық сомаға сатылды
2 күн бұрын
-
Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарын Халық Кеңесінің мобильді тобы аралайды
2 күн бұрын