Билет тапшылығы шешілді: мерекелік қосымша пойыздарға сатылым басталды.

Редакция
27 қараша 2026, 17:09
Билет тапшылығы шешілді: мерекелік қосымша пойыздарға сатылым басталды. Сурет авторы: gov.kz

Алдағы желтоқсан және қаңтар айларындағы мереке күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты елімізде қосымша үш пойыз іске қосылады. Жаңа құрамдар Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларын өзара байланыстырмақ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:

  • №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»: Алматыдан 2026 жылдың 22 желтоқсаны мен 2027 жылдың 10 қаңтары аралығында, ал Астанадан 23 желтоқсан мен 11 қаңтар аралығында күнара жолға шығады.

  • №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»: Елордадан 2026 жылдың 14 желтоқсанынан 2027 жылдың 10 қаңтарына дейін, Шымкенттен 15 желтоқсан мен 11 қаңтар аралығында күнара қатынайды.

  • №205/206 «Ақтөбе – Астана-1»: Ақтөбеден 2026 жылдың 22 желтоқсаны мен 2027 жылдың 10 қаңтары аралығында, Астанадан 23 желтоқсан мен 11 қаңтар аралығында күнара жөнелтіледі.

Құрамдар стандартты купе және плацкарт вагондарынан жасақталған. Қазіргі уақытта билеттер ресми bilet.railways.kz сайтында сатылымға шықты. Тасымалдаушы компания мерекелік қарбаласқа байланысты сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Қосымша ақпаратты 1433 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар