Қорғаушының орнына айыпталушы болды: 7 миллион сұраған адвокат қалай әшкереленді

Редакция
28 қараша 2026, 12:52
Қорғаушының орнына айыпталушы болды: 7 миллион сұраған адвокат қалай әшкереленді Сурет авторы: depositphotos.com

Астанада қорғауындағы әйелден мемлекеттік органдардағы байланыстары арқылы «мәселені шешіп беремін» деп қомақты қаржы жымқырмақ болған адвокат екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы елорда прокуратурасы хабарлады.

Оқиға әйел ұсталғаннан кейін өрбіген. Қорғаушы бұлтартпау шарасын жеңілдетіп, қамауда ұстауды үйқамаққа ауыстыруға уәде беріп, 7 миллион теңге талап еткен. Алайда қорғалушы заңсыз келісімге барудан бас тартып,бірден құқық қорғау органдарына жүгінген. Жедел іс-шаралар барысында адвокат ақшаны алған сәтінде қолға түсті.

Сот үкімімен ол екі жылға бас бостандығынан айырылып, алты жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан шеттетілді.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Елорда прокуратурасы тергеу барысына заңсыз ықпал етуге бағытталған кез келген әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, тұрғындарды мұндай деректер туралы дереу хабарлауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар