Автобустар мен трамвайлар тегін қызмет көрсетеді: 29 қарашада жолақысы алынбайтын қалалар тізімі жарияланды

Редакция
27 қараша 2026, 15:10
Автобустар мен трамвайлар тегін қызмет көрсетеді: 29 қарашада жолақысы алынбайтын қалалар тізімі жарияланды Сурет авторы: depositphotos.com

29 қараша күні мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай Қазақстанның бірқатар қаласында қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Жергілікті билік мұндай шешімді сайлау учаскелеріне баратын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылдаған.

29 қарашада келесі 8 қаланың тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады:

  • Семей;

  • Атырау;

  • Риддер;

  • Жезқазған;

  • Сәтбаев;

  • Қаражал;

  • Павлодар;

  • Талдықорған.

Бұл ретте Павлодарда жолаушылар автобустармен қатар трамвайларда да тегін қатынайды. Ал Талдықорғанда тегін қатынау таңғы сағат 06:00-ден кешкі 22:00-ге дейін ұйымдастырылады. Сонымен қатар саяжай алқаптары мен шалғай шағынаудан тұрғындары үшін сайлау учаскелеріне дейін арнайы бағыттар іске қосылмақ.

Алматы, Астана және Өскемен қалаларында қоғамдық көлік әдеттегі жұмыс кестесімен жүреді, жолаушылар жолақысын қолданыстағы тариф бойынша төлейді.

Еске сала кетейік, 29 қарашада елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған бюллетеньдердің қандай болатынын көрсеткен еді.

Соңғы жаңалықтар