Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін өзгертетін жаңа комиссияның құрамын бекітті

Редакция
26 қараша 2026, 10:08
Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін өзгертетін жаңа комиссияның құрамын бекітті Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Аталған комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары мен тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын дайындауға арналған жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ:

  • Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

  • Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары

  • Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы

  • Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы

  • Жұманғарин Серік Мақашұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

  • Мәдиев Жаслан Хасенұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

  • Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

  • Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

  • Жазықбай Дархан Медеғалиұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

  • Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі

  • Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі

  • Ахметжанов Марат Мұратұлы – Ақмола облысының әкімі

  • Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі

  • Ақшолақов Болат Оралұлы – Атырау облысының әкімі

  • Байманов Шахмардан Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

  • Есімханов Сұңғат Қуатұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары

  • Каринова Шолпан Таңатқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

  • Смышляева Екатерина Васильевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары

  • Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі

  • Мусин Бағдат Батырбекұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі

  • Шайымова Айгүл Амантайқызы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы

Соңғы жаңалықтар