Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы үкіметі
Қазақстандағы алғашқы министрлер кабинеті көлемі мен ротация тұрғысынан ерекшеленді. Тәуелсіз елдің алғашқы үкіметін Сергей Терещенко басқарды. Ол премьер-министр болған үш жылда үкіметте 61 министр және вице-премьер қызмет етті. Министр лауазымындағы орташа мерзім бір жылдан аспады. Мұны үкімет алдында тұрған міндеттің күрделілігімен де, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істей алатын жаңа кадрларды іздеумен де түсіндіруге болады.
Қазақньюс ақпарат агенттігі тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елдің алғашқы үкіметінің құрамы қандай болғанын, оның мүшелерінің көпшілігі 1992 жылдың ақпан айында тағайындалғанын, сонымен қатар Терещенко кабинеті мүшелерінің одан әрі мансабы қалай жалғасқанын жазып шықты.
Сергей Терещенко тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі (16 қазан 1991 жыл – 14 қазан 1994 жыл) болды. Оның тұсында Қазақстанның агроөнеркәсіп саласында нарықтық реформалар басталып, колхоздар мен совхоздар таратылып, жаңадан фермерлік және ұсақ шаруа қожалықтары құрыла бастады. Инфляция бұрын-соңды болмаған шарықтау шегіне жетті. Биліктен кеткен соң Терещенко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктестерінің бірі болып қала берді. 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлауда кандидат Назарбаевты қолдау штабын басқарды. Сайлаудан соң осы штабтың негізінде құрылған “Отан” партиясы кейін “Нұр Отан” партиясы болып атауын өзгертті.
Сергей Терещенко қазір Қазақстанның бірнеше облысында ауыл шаруашылық жері бар кәсіпорынды басқарады.
Алғашқы министрлер кабинеті
СЕРГЕЙ ТЕРЕЩЕНКО – ПРЕМЬЕР-МИНИСТР
Лауазымын 1991 жыл 16 қазан – 1994 жыл 11 қазан аралығында атқарды.1992 жылғы ақпанда 40 жаста еді.
Отставкадан кейін бизнес және қоғамдық қызметпен айналысты. “Отан” (қазіргі Нұр Отан) басқарушы партиясы төрағасының міндетін атқарушы болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылдан бері сақтандыру нарығына қатысушылар қауымдастығын басқарады. 1994 жылдан бастап мемлекеттік қызметке оралмады.
ДӘУЛЕТ СЕМБАЕВ – БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР
Мансабын 1992 жыл, ақпан – 1993 жыл, желтоқсан аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 56 жаста болды.
Вице-премьер лауазымынан кейін Ұлттық банкті басқарды, Сенат депутаты болды. Коммерциялық кәсіпорындарды басқарды Қазкоммерцбанк Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2011 жылы зейнетке шыққан. Биыл 15 қарашада 87 жасында дүниеден озды.
ОЛЕГ СОСКОВЕЦ – БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП МИНИСТРІ
Лауазымын 1992 жыл ақпан – қараша аралығында атқарды. 1992 жылғы ақпандағы 42 жаста болған.
Үкіметтегі қызметтен кеткен соң 1992 жылы қарашада Ресейге қоныс аударды. Онда да үкіметте жұмыс істей бастады (алдымен металлургия жөніндегі комитеттің төрағасы, содан кейін – бірінші вице-премьер болды). 1996 жылдан бастап қаржы-өнеркәсіптік топтар қауымдастығын басқарады.
БАЛТАШ ТҰРСЫМБАЕВ – ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ
1991 жылдың маусымынан 1993 жылдың қаңтарына дейін вице – премьер, 1992 жылдың ақпанынан 1993 жылдың қарашасына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды.1992 жылы ақпанда 45 жаста болған.
Кейін Қостанай облысының әкімі болып жұмыс істеді. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Қазақстанның Түркиядағы елшісі болды. Қайтадан вице-премьер лауазымына үкіметке оралды. 1999 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. 2000 жылдардың аяғында оппозицияға қосылды, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның саяси кеңесіне кіреді.
– Назарбаевтың билікке келуіне екі адам көп көмектесті. Біріншісі – Ерік Асанбаев, екіншісі – Балташ Тұрсымбаев. Оңтүстіктің өзін қолдайтынын білген Назарбаев солтүстікті де қамтуды ойластырды. Сол кезде Қостанай өңірінің екі беделді азаматы Назарбаевқа ерекше қолдау көрсетті, – дейді саясаттанушы, журналист Сейдахмет Құттықадам.
ҚАДЫР БАЙКЕНОВ – ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ОТЫН РЕСУРСТАРЫ МИНИСТРІ
Вице-премьер лауазымын 1991 жылдың маусымнан 1993-тің қаңтарына дейін, Энергетика министрі қызметін 1992 ақпаннан 1994 маусымға дейін атқарды. 1992 жылы ақпанда 47 жаста болған.
Байкенов үкіметтен кейін Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетті, Қазатомөнеркәсіпті басқарды. Бизнеспен айналысты, инжинирингтік компаниялар одағын, жұмыс берушілер бірлестіктерінің халықаралық үйлестіру кеңесін басқарған.
ЕВГЕНИЙ ЕЖИКОВ-БАБАХАНОВ – ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР
Лауазымын 1992 жыл ақпан 1993 жыл қаңтар аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 49 жаста болған.
Кейін президент жанындағы Бас бақылау инспекциясын басқарған. 1995 жылдан бастап бизнеске кеткен.
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ – ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР
Жолдасбеков премьер-министрдің орынбасары қызметін 1991 жылдың маусымы мен 1993 жылдың қаңтарыаралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 54 жаста болған.
Кейін Қазақстанның Ирандағы елшісі қызметін атқарды, Дипломатиялық академияны басқарды.Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуразия ұлттық университетінің ректоры болды.Президентке қарасты мәдени орталықты басқарды.
ҚАЛЫҚ АБДУЛЛАЕВ – ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР
Лауазымын 1991 жылдың тамыз – 1992 жылдың шілде аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 49 жаста болған.
Үкіметтен кеткеннен кейін президенттің кеңесшісі болды. ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитетті басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. Чокин атындағы Энергетика ҚазҒЗИ-ды басқарды. Бизнеспен айналысты.
ТӨЛЕУТАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ – СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ
Сыртқы саясат ведомствосын 1991 жылдың желтоқсаны мен 1994 жылдың сәуірі аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 50 жаста болған.
Кейін Қазақстанның АҚШ-тағы, Венгриядағы, Бельгия және Польшадағы елшісі болды. 2005 жылдан бастап мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын басқарды. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде сабақ береді.
САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ – ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ
Лауазымын 1992 жыл мамыр – 1995 жыл қазан аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 67 жаста болды.
1995 жылдан бастап президенттің кеңесшісі болды, кейін зейнетке шықты. 2013 жылы 89 жасында қайтыс болды.
МИХАИЛ БЕРСЕНЕВ – ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ
Үкіметте 1990 жылдың сәуір айынан 1992 жылдың сәуіріне дейін тура екі жыл қызмет етті. 1992 жылы ақпанда 55 жаста еді.
1992 жылы сәуір айында зейнетке шығып, Ресейге қоныс аударды.
ТӨЛЕУБЕК ӘБДІҚАДЫРОВ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ
Министрлер кабинетінде 1990 жыл сәуір – 1992 жыл қараша аралығында еңбек етті. 1992 жылғы ақпанда 52 жаста болған.
Кейін Алматы әкімшілігінде аппарат басшысының орынбасары, қаланың, одан кейін Алматы облысының қаржы басқармасының бастығы болды. 2001 жылдан бері зейнеткер. 2009 жылы 69 жасында қайтыс болды.
СЫЗДЫҚ ӘБІШЕВ – СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР МИНИСТРІ
Үкіметтегі лауазымында 1990 жылғы желтоқсан – 1994 жылғы маусым аралығында отырды. 1992 жылы ақпанда 55 жаста болған.
Кейін Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында үкіметтің іс басқарушысы, Қазақстанның бас консулы, президенттің іс басқарушысы болып жұмыс істеді. 1996 жылы зейнетке шыққан. 1998 жылы 61 жасында қайтыс болды.
ОКТЯБРЬ ЖЕЛТИКОВ – САУДА МИНИСТРІ
Министрлер кабинетінде 1990 жыл маусым – 1994 жыл маусым аралығында қызмет атқарды. 1992 жылы ақпанда 59 жаста болған. Отставкадан кейін бірнеше ай өткен соң Ресейге көшкен.
ИГОРЬ УЛЬЯНОВ – БАЙЛАНЫС МИНИСТРІ
Ульянов үкіметте 1987 жыл наурыз және 1994 жылы маусым аралығында қызмет атқарды. 1992 жылы ақпанда 51 жаста болған.
Министр қызметінен кеткен соң Қазақтелекомды басқарды. 1996 жылы Ресейге қоныс аударды, Ростелеком жүйесінде жұмыс істеді.
НЫҒМАТЖАН ИСИНҒАРИН – КӨЛІК МИНИСТРІ
Министр қызметін 1991 жыл, ақпан – 1994 жыл, маусым аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 50 жаста болған.
Министрлер кабинетінен кейін ТМД Кеден одағы Интеграциялық комитетінің төрағасы болған. 2014 жылдан бастап Қазақстан темір жолы президентінің кеңесшісі.
ШӘМІЛ БЕКБОЛАТОВ – КӨЛІК ҚҰРЫЛЫСЫ МИНИСТРІ
Лауазымын 1992 жыл ақпан – 1993 жыл маусым аралығында атқарды. 1992 жылғы ақпанда 55 жаста болған.
Үкіметтен кейін “Қазақстан жолдары” мемкомпаниясының президенті болған. 2004 жылдан бері зейнеткер, қоғамдық және ғылыми қызметпен айналысады.
ҚАНАТ ТҰРАПОВ – МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ
Министр қызметін 1992 жылдың ақпан – желтоқсан айларында атқарды. 1992 жылғы ақпанда 45 жаста болған.
Лауазымынан кеткен сәттен бастап “Қазконтракт” корпорациясының президенті.
Лауазымын 1992 жылғы ақпан – 1993 жылғы қараша аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 59 жаста болған.
Министр қызметінен кеткен соң ҚазҒЗИ минералды шикізат зертханасының меңгерушісі болған. 1996 жылы зейнетке шықты, Ресейге қоныс аударды. 2004 жылы 71 жасында дүниеден озды.
СВЯТОСЛАВ МЕДВЕДЕВ – ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР МИНИСТРІ
Министр қызметін 1992 жыл ақпан-1995 жыл қазан аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 50 жаста болған.
Кейін президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі, Қостанай облысы мұрағаттар басқармасының бастығы болып қызмет етті. 2010 жылдан бері зейнетте.
ҒАЛИХАН ЕРЖАНОВ – ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ
Әділет министрі қызметін 1990 жылы мамыр – 1993 жылы маусым аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 54 жаста болған.
Үкіметтен кейін Қостанай облысының прокуроры болды. 1997 жылы зейнетке шықты. 1999 жылы 61 жасында өмірден озды.
ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВ – БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ МИНИСТРІ
Ақпарат министрі қызметін 1991 жыл тамыз – 1993 жыл қаңтар аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 46 жаста болған.
Кейін вице-премьер, Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі лауазымын атқарды. Он жылға жуық сенатор болды. 2012-ден 2015 жылға дейін “Нұр Отан” партиясы атынан Мәжіліс депутаты болып тағайындалды. 2016 жылы билеуші партиядан депутаттыққа ең егде кандидат ретінде тіркелген.
Лауазымын 1992 жылғы ақпан-1994 жылғы тамыз аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 51 жаста болған.
Министр қызметінен кейін вице-премьер болды. Одан соң мемлекеттік қызметтен кетіп, бизнеспен айналысты. 1990-шы жылдардың ортасында оппозицияға өтті, “Азамат” партиясы көшбасшыларының бірі болды. 2000 жылдары саясатпен айналысуды тоқтатты және ғылыми қызметке назар аударды, зейнетке шықты.
ШАЙСҰЛТАН ШАЯХМЕТОВ – БІЛІМ МИНИСТРІ
1988 жылы маусым 1993 жыл қазан аралығында Қазақстанның білім министрі қызметін атқарды. 1992 жылы ақпанда 53 жаста болған.
Білім министрі лауазымынан кейін премьер-министрдің кеңесшісі, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Ұлттық саясат комитеті төрағасының орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, мемлекеттік балабақшаны қарқынды зерделеу жөніндегі республикалық орталықтың директоры болды. 2000 жылы 61 жасында дүние салды.
АҚСҰЛТАН АМАНБАЕВ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
Лауазымын 1990 жыл сәуір -1992 жыл сәуір аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 51 жаста болған.
Зейнетке шыққан соң балабақша директоры болды, бизнеспен айналысты. 1998 жылдан бері зейнетте.
ЗӘУРЕ ҚАДЫРОВА – ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
Лауазымын 1992 жылы ақпан 1994 жылы маусым аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 51 жаста болған.
Кейін Жоғарғы Кеңестің депутаты, Мәжілістің алғашқы үш шақырылымының депутаты болды. 2007 жылдан бері зейнетте.
САЯТ БЕЙСЕНОВ – ЕҢБЕК МИНИСТРІ
1991 жылы наурыз 1993 жылы қазан аралығында елдің еңбек министрлігін басқарды. 1992 жылы ақпанда 51 жаста болған.
Министрлер кабинетінен кейін президент жанындағы Бас бақылау инспекциясының басшысы, Қазақстанның Литвадағы елшісі, ұлттық өнімділік орталығының бас директоры қызметін атқарған. Кейін бірқатар коммерциялық құрылымда жұмыс істеген.
ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВ – МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ
Министрлікті 1992 жыл ақпан – 1993 жыл қазан аралығында басқарды. 1992 жылы ақпанда 59 жаста болған.
Отставкаға кеткеннен кейін Алматы консерваториясында сабақ берді. 2013 жылы 9 сәуірде 81 жасында бақиға аттанды.
ҚАРАТАЙ ТҰРЫСОВ – ТУРИЗМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ
Министр лауазымын 1991 жылы тамыз – 1993 жылы желтоқсан аралығында атқарды. 1992 жылы ақпанда 58 жаста болған.
Отставкадан кейін Ортсайлауком төрағасы болды, кейін Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетін басқарды. 2004 жылы 70 жасында дүние салды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел билігінде 18 министрлік жұмыс атқарды. Қазірге дейін олардың тек бесеуі еш өзгеріссіз сақталды. Олар: Әділет министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Қаржы министрлігі.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды
11 сағат бұрын
-
Құрылтай сайлауында дауыс бергендер саны 53 пайыздан асты
17 сағат бұрын
-
Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйінен дауыс берді
17 сағат бұрын
-
Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет құрамында өзгерістер болады – Тоқаев
18 сағат бұрын
-
«Сіздер жақсы білетін адам»: Тоқаев болашақ Вице-президент туралы айтты
18 сағат бұрын
-
Тоқаев келесі президент сайлауына қатыса ма? Президент жауап берді
19 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
19 сағат бұрын
-
ШҚО әкімі отбасымен бірге Құрылтай сайлауында дауыс берді
19 сағат бұрын
-
«Еліміз үшін тарихи күн»: Ерлан Қошанов дауыс берді
19 сағат бұрын
-
Ауысым арасында – сайлауға: Алматыда «Алматы паркинг» ұжымы азаматтық белсенділік танытты
19 сағат бұрын
-
Құрылтай сайлауы: сағат 10:00-де сайлаушылардың 17,6%-ы дауыс берді
20 сағат бұрын
-
Құрылтай сайлауында саясаткерлерден кімдер дауыс беріп үлгерді?
22 сағат бұрын
-
Мәулен Әшімбаев вице-президенттікке тағайындалу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді
22 сағат бұрын
-
Алматыдағы №102 учаскесіне сайлаушылар ашылған кезден келе бастады
23 сағат бұрын
-
Магистратура грантына ие болғандардың тізімі қашан жарияланады
2 күн бұрын
-
Сайлау қарсаңында заң бұзған жеті қазақстандық жауапқа тартылды
2 күн бұрын
-
"290 млн теңге салық төлемеген": Қазақстандық әйел Ресейден елге қайтарылды
2 күн бұрын
-
Тоқаев сыйлаған сағат 2,9 млн теңгеге сатылымға қойылды
2 күн бұрын
-
23 тамыз – сайлау күні: Алматыда түрлі сала өкілдері азаматтарды дауыс беруге үндеді
2 күн бұрын
-
«Росатом» Қазақстандағы АЭС салынатын жерде зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлімдеді
2 күн бұрын
-
ФИФА Қазақстандағы балалар футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді
2 күн бұрын
-
Шымкент дендросаябағында жасөспірім пышақ жарақатын алды
2 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеу: қазақстандықтарға қойылатын талаптар белгілі болды
2 күн бұрын
-
АҚШ-тың жаңа санкциялары Иранға қаншалық ауыр тиеді?
2 күн бұрын
-
УЕФА бастаған үш конфедерация Инфантиноны қызметтен кетіруді талқылап жатыр
2 күн бұрын
-
Шетелдік гиганттар Қазақстан бюджетіне миллиардтар құйды: Ең көп төлеген компания қайсы?
2 күн бұрын
-
Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігін уысынан шығарып алды
2 күн бұрын
-
Үкімет Ұлттық қордан алатын ақшаны азайтып, қарыз алуды көбейтті
2 күн бұрын
-
Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы атану үшін екі жеңіс қажет
3 күн бұрын
-
Алматы жастарының жобаларын 5 миилион теңгеге дейін қаржыландыратын топ-10 бастама
3 күн бұрын
-
Көкпарда қаза тапқан жасөспірімнің ісі тоқтатылды: туыстары шешіммен келіспейді
3 күн бұрын
-
Табиғатқа жіберілген жолбарыс алғашқы күндері қасқыр мен қабан аулады
3 күн бұрын
-
Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық соғыс жариялады
3 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстанның минералдық қорын мемлекет мүддесіне пайдалануды тапсырды
3 күн бұрын
-
Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттері табысталды
3 күн бұрын
-
Ұлдана Мырзуанның қазасы: Әділет Зейнел 20 млн теңге көмекті қайда жұмсағанын айтты
3 күн бұрын
-
Өлуге де ақша қажет: әр үшінші қазақстандық жақынын қарызсыз жерлей алмайды
3 күн бұрын
-
Тағы бір ел Қазақстанның мұнайын сатып алa бастады
3 күн бұрын
-
«Келешек» бағдарламасы: 5 жастағы 15 мыңнан астам баланың AQYL депозитіне 3,9 млрд теңге аударылады
3 күн бұрын
-
Енді ұялы байланыс операторлары тариф бағасын аяқ астынан қымбаттата алмайды
3 күн бұрын
-
Арыста тағы жарылыс дауысы естілді: Қорғаныс министрлігі не дейді (ВИДЕО)
3 күн бұрын
-
Қазақстанда екі баласы бар бір отбасына екі бөлмелі, ал екіншісіне үш бөлмелі пәтер берілуі мүмкін. Бұл неге байланысты?
3 күн бұрын
-
Тарбағатай ауданында Таза Қазақстан және Заң мен тәртіп акциялары өтті
3 күн бұрын
-
Путин Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдарға алғаш рет пікір білдірді
3 күн бұрын
-
Ресейдегі құрылыс алаңында болған өрттен Қазақстан азаматы қаза тапты
4 күн бұрын
-
«Әйелге қол көтеру – ерлік емес»: Бас мүфти тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы айтты
4 күн бұрын
-
Тоқаев сыртқы саясат тұжырымдамасындағы Назарбаевқа қатысты тармақтарды өзгертті
4 күн бұрын
-
Жамбыл облысындағы келіншектің ажалы «Барни» бисквитін бойкоттауға ұласты
4 күн бұрын
-
700 мың теңге пара алған: Шымкентте бұрынғы полиция қызметкеріне 23,5 млн теңге айыппұл салынды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда латын қарпіндегі маңдайшаларға уақытша тыйым салынды: себебі неде?
4 күн бұрын