Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
Сурет авторы: Максим Стулов / Ведомости
Ресей президенті Владимир Путин әлемдегі шиеленісті жағдайға байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) әскери әлеуетін арттырып, оған мүше мемлекеттердің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын күшейтуге шақырды. Бұл туралы ол 10 қарашада Мәскеуде ашылған Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форумға жолдаған үндеуінде мәлімдеді.
Ресей басшысының үндеуін форумда вице-премьер Алексей Оверчук оқып берді. Путин ұйымға мүше елдер қорғаныс саласындағы іс-қимылын үйлестіріп, терроризм мен экстремизмге, киберқылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейтуі қажет екенін айтты.
«Халықаралық шиеленіс сақталып отырған жағдайда ұйымның әлеуетін одан әрі арттыру, алдымыздағы міндеттерді шешу жолындағы күш-жігерді үйлестіру маңызды. Ең алдымен, бұл қорғаныс, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, киберқылмыспен, есірткінің заңсыз айналымымен және заңсыз көші-қонмен күрес мәселелеріне қатысты», – деді Путин.
Оның айтуынша, форумға қатысушылар Еуразиядағы өңірлік қауіпсіздікті нығайту шараларын талқылауы тиіс.
Бұған дейін Ресей президенті ҰҚШҰ-ның ұжымдық күштерін заманауи ресейлік қару-жарақпен жабдықтаудың ауқымды бағдарламасын іске қосуды ұсынған еді. Путин бұл қару-жарақтың нақты ұрыс жағдайында тиімділігі дәлелденгенін мәлімдеген.
Сондай-ақ ол Ресейдің ұйымға төрағалығы кезіндегі басым міндеттердің қатарына әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығын арттыруды және ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуды жатқызған.
11 қарашада Мәскеуде Владимир Путиннің төрағалығымен ҰҚШҰ саммиті өтеді. Жиында өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылап, 2030 жылға дейінгі терроризмге қарсы стратегияны қабылдау жоспарланған. 2027 жылғы қаңтардан бастап ұйымға төрағалық ету кезегі Ресейден Тәжікстанға өтеді деп күтіліп отыр.
Саммит қарсаңында Ресей Арменияны мүшелік жарнасын төлемегені үшін ҰҚШҰ аясындағы дауыс беру құқығынан айыру мәселесін қарастыруды да ұсынды.
Армения 2024 жылы ұйымға қатысуын тоқтата тұрған. Ереван бұл шешімін Әзербайжанмен қақтығыс кезінде одақтастарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындамағанымен түсіндірген. Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұған дейін елінің ҰҚШҰ-ға қызығушылығы жоғалғанын мәлімдеген.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения мүше.
Еске салайық, 2022 жылғы қаңтарда Қазақстанда жаппай наразылықтар мен тәртіпсіздіктер болған кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша ҰҚШҰ күштері елге енгізілген еді.
Соңғы жаңалықтар
-
Кептеліс азаяды: Астанада екі жағалауды жалғайтын 16 миллиард теңгелік жаңа көпір салынады
5 сағат бұрын
-
Путин халықаралық шиеленіске байланысты ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін күшейтуге шақырды
5 сағат бұрын
-
Астанада қауіпсіздігі төмен 860 тұрғын үй нысаны бақылауға алынады
6 сағат бұрын
-
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»: Тоқаев мемлекеттік тілдің болашағы туралы айтты
6 сағат бұрын
-
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
9 сағат бұрын
-
ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 65 өрт тіркелді: қауіпсіздік шаралары күшейтілді
9 сағат бұрын
-
Қазақстанда қатерлі ісікті ДНҚ арқылы емдеудің тегін мүмкіндігі ашылды
10 сағат бұрын
-
Франция Иранды кибершабуылдар үшін айыптап, қатаң жауап қайтаратынын ескертті
10 сағат бұрын
-
Түркиядағы ірі металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
11 сағат бұрын
-
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5 пайызға өсті: қай салалар алда келеді?
11 сағат бұрын
-
Су тасқыны мен жер сілкінісі: Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру мәселесі қаралып жатыр
11 сағат бұрын
-
Қар мен көктайғақ: 10 облыста жолға шықпауға кеңес берілді
11 сағат бұрын
-
Бірі ұрлайды, екіншісі түсіреді: Боқаевтың мобилографы гранит тақталар ұрлығы қалай қолдан ұйымдастырылғанын айтты
11 сағат бұрын
-
Жамбыл облысында Президент Жолдауы аясында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
1 күн бұрын
-
Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындаайқындалған басым бағыттар талқыланды
1 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
1 күн бұрын
-
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақ Астанаға қонды: не болды?
1 күн бұрын
-
Ғани Бейсембаев Гүлнар Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті: сот қандай шешім шығарды?
1 күн бұрын
-
Ұлытауда Президент Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру жолдары қарастырылды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда балалы болған отбасыларға несие төлемін уақытша тоқтату ұсынылды
1 күн бұрын
-
Көкжайлауда үш қыз адасып кетті: ТЖД тауға шыққанда сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды
1 күн бұрын
-
Қызын ернінен сүйген әкенің әрекеті қоғам талқысына түсіп, полиция тексеріс бастады
1 күн бұрын
-
Нүкістен алтын мен күміспен оралды: «NURORDA» оқушылары химия додасында жарқырады
1 күн бұрын
-
«Жапаровтың туысымын деген адамға алданып қалдым»: қазақстандық кәсіпкер Қырғызстан президентіне шағымданды
1 күн бұрын
-
Ауқатты қазақстандықтар зейнетақыдан айырыла ма: Еңбек министрлігі жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда TikTok күн сайын 15 мың видеоны бұғаттап жатыр
1 күн бұрын
-
Қысқы дөңгелекке ауыспаған 744 жүргізушіні полиция тасжолға жібермеді
1 күн бұрын
-
Алматыдағы РФММ-де балалар жаппай уланғаннан кейін директор ауысты
1 күн бұрын
-
Камераға жақындағанда жылдамдықты азайту көмектеспейді: Үш тасжолда орташа жылдамдықты бақылау басталды
1 күн бұрын
-
Польшада алты адам қаза тапқан атыс: Тоқаев көңіл айтты
1 күн бұрын
-
Шетелдік интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған: қылмыстық іс сотқа жолданды
1 күн бұрын
-
Қазақстан хоккейден үшінші рет қатарынан Азия чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда бизнесті қолдаудың жаңа кезеңі басталады: Кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер берілмек
3 күн бұрын
-
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ЕКІ ЖЫЛДА БІР РЕТ ӨТЕДІ
4 күн бұрын
-
Қазақстанда ипотека мен автонесие беру тәртібіне қатысты жеңілдіктер ұзартылды
4 күн бұрын
-
ШҚО әкімі мен «Қазақ газеттері» басшысы ақпарат саласындағы әріптестікті талқылады
4 күн бұрын
-
Қазақстан Халық Кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат кеңес мүшелерінің серіктесі атанады
4 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары ШҚО тұрғындарымен Президент Жолдауының басым бағыттарын талқылады
4 күн бұрын
-
Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағына 6,4 шақырым теміржол тартылды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда ақылы жолдардың төлем тәртібі өзгеруі мүмкін: кімдерге қатысты?
4 күн бұрын
-
Ұшақтарға бомба қойылғаны туралы хабар Еуропаны әбігерге салды: 27 рейс тоқтатылды
4 күн бұрын
-
Ресей азаматтығынан бас тартқан Higgsfield басшысы Қазақстан төлқұжатын алды
4 күн бұрын
-
ФРАНЦИЯДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ: 1,5 МИЛЛИОННАН АСТАМ ХАЛЫҚ КӨШЕГЕ ШЫҒЫП, 400-ДЕН АСТАМ АДАМ ҰСТАЛДЫ
4 күн бұрын
-
Ресейден мыңнан астам жүк көлігін өткізгені үшін 100 млн теңге пара алған: бұрынғы шенеунік 10 жылға сотталды
4 күн бұрын
-
АҚШ-та ата-аналар маңызды дәруменнен бас тартып, сәбилер шетінеп жатыр
4 күн бұрын
-
Құрылтайда отандық капитал нарығын дамыту мен бизнесті қаржыландырудың жаңа тетіктері қаралды
5 күн бұрын
-
Қостанайдағы «Qaz Talks» алаңы: Президент Жолдауындағы басты өзгерістер талқыланды
5 күн бұрын
-
Қорғау тарапы шақырған куәгерлердің өздері Боқаев адвокаттарының сөзіне қайшы келетін мәліметтер берді
5 күн бұрын
-
Астанада Президент Жолдауын жүзеге асырудағы БАҚ-тың рөлі талқыланды
5 күн бұрын
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер іріктелді
5 күн бұрын