Қызын ернінен сүйген әкенің әрекеті қоғам талқысына түсіп, полиция тексеріс бастады

Редакция
09 қараша 2026, 15:11
Қызын ернінен сүйген әкенің әрекеті қоғам талқысына түсіп, полиция тексеріс бастады Сурет авторы: Tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде қызын туған күнімен құттықтап, ернінен сүйген әкенің видеосы тарады. Аталған бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік арасында қызу пікірталас туғызды.

Осы жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметіне сәйкес, бұл дерек тіркеліп, қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аталған процеске білім басқармасы мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де тартылған.

Бұған дейін, қазан айында Астана қаласында да осыған ұқсас жағдай орын алған еді. Сол кезде әйел адамның танысына ұлын ернінен сүруге рұқсат берген сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең таралған. Кейін баланың анасы кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Баман Ислам

Соңғы жаңалықтар