Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты

Абдрахманов Мағжан
10 қараша 2026, 12:08
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты Сурет авторы: Энергетика министрлігі

Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ай сайын коммуналдық қызметтерге шамамен 73–75 мың теңге жұмсайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол жалақысының мөлшерін де айтты.

Министрдің сөзінше, ол Астанадағы «Хайвил» тұрғын үй кешенінде тұрады. Коммуналдық қызметтерге төлейтін 73–75 мың теңгеге интернет пен автотұрақты жалға алу ақысы кірмейді.

«Мен коммуналдық қызметтерге ай сайын шамамен 73–75 мың теңге төлеймін. Бұған интернет пен автотұрақ ақысы кірмейді. Ал мемлекет төлейтін жалақым шамамен 1 миллион 200 мың теңге. Қалғанын өздеріңіз есептей аласыздар», – деді Ерлан Ақкенженов.

Осылайша министрдің коммуналдық төлемдері айлық жалақысының шамамен 6–6,3 пайызына тең. Бұл есепке интернет пен автотұрақ шығыны қосылмаған.

Соңғы жаңалықтар