АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Редакция
09 қараша 2026, 19:13
АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «СЕМЕЙ – РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымындажөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгімаңызды көлік дәлізінің нормативтік техникалық жағдайы100 пайызға жеткізілді.

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін жаңартылған автомобиль жолының ашылуына қатысып, өңір үшін стратегиялық маңызына тоқталды. Аймақ басшысы көлікинфрақұрылымын дамыту Мемлекет басшысы айқындағанбасым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, транзиттік бағыттарды дамыту және сапалы автожол инфрақұрылымын құру мәселесіне ерекше назар аударды. «Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететінмаңызды фактордың бірі. Алдымызда республикалық жәнежергілікті деңгейдегі барлық жолдарды сапалы салуғақатысты аса маңызды міндет тұр. Бізге сапасы өте жоғарыжолдар керек», – деп атап өткен болатын. Бүгін бізоблысымыздың инфрақұрылымдық дамуындағы маңыздыбелеске куә болып отырмыз. Осы ауқымды жобалардысапалы әрі мерзімінде аяқтаған «ҚАЖсервис» ЖШС-ніңЖПБ-25 бөлімшесінің ұжымына, жол құрылысшыларына, мердігер ұйымдар мен барша мамандарға облысжұртшылығы атынан шынайы алғысымды білдіремін. Жаңартылған жолдар еліміздің игілігіне, өңіріміздіңөркендеуіне ұзақ жылдар бойы қызмет етсін!», – деді Берік Уәли.

Бұл жол өңір тұрғындарының қатынауы үшін ғана емес, Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы мен сауда байланыстары үшін де маңызды. 2024 жылы аталған жолучаскесінің нормативтік техникалық жағдайы 40 пайыздығана құраған.

Тәулігіне 1650-ден астам автокөлік өтетін бұл жол учаскесі өңір тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы қатынауын қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмыстары жолдың үшучаскесін қамтыды. Жол төсемінің төменгі және жоғарғықабаттары жаңартылып, жиектері ретке келтірілді, жолтаңбалары сызылды. Сонымен қатар су өткізу құбырларыжөнделіп, жаңалары орнатылды. Көлік қозғалысыныңқауіпсіздігін арттыру үшін жол бойына малдың шығуынатосқауыл болатын 10 мың метр қоршау қойылды. Екі жаңаавтопавильон орнатылып, демалыс алаңы жабдықталды.

Жолдың жаңаруы Бородулиха ауданының экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Новопокровка, Дмитриевка және Ауыл ауылдарындағы жол бойындағы қызмет көрсетуорындарының жұмысын жандандыруға мүмкіндік туады. Осы бағытта алты кафе мен тоғыз автопавильон орналасқан.

Автомобиль жолы Ресей Федерациясымен шекарадағы«Ауыл» өткізу пунктіне жалғасады. Бұл – Абай облысыныңРесеймен шекарасында орналасқан төрт өткізу бекетініңішіндегі ең ірісі. Биыл өткізу пунктін қайта жаңартужұмыстары басталып, оны келесі жылы аяқтаужоспарланған. Осы жұмыстар аясында шекара бекетініңалдында жүк көліктеріне арналған аумағы 2800 шаршыметр күту алаңы жасалды. Бұл өткізу пунктінің мүмкіндігінкеңейтіп, халықаралық жүк тасымалының тиімділігінарттыруға бағытталған.

Өңірде республикалық маңызы бар жолдармен қатар облыстық және жергілікті жол желісін жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 212,6 шақырым автомобиль жолында орташа жөндеу жүргізілуде. Оның 41 шақырымы облыстық маңызы бар үш учаскеге, 91,4 шақырымы аудандық маңызы бар тоғыз учаскегетиесілі. Бұдан бөлек, 20 елді мекендегі жалпы ұзындығы80,2 шақырым болатын 80 көше жөнделіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар