Жас кәсіпкерлер мен өнертапқыштарға қолдау: Алматыда 13 жобаға 1 миллион теңгеден бөлінді

Редакция
25 қараша 2026, 12:53
Жас кәсіпкерлер мен өнертапқыштарға қолдау: Алматыда 13 жобаға 1 миллион теңгеден бөлінді Сурет авторы: ЖИ

Алматыда тың бастамаларын жүзеге асыру үшін 13 жас тұрғынға 1 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді. Жеңімпаздар қатарында ғылым, мәдениет, IT, кәсіпкерлік, медиа және волонтерлік бағыттағы жоба авторлары бар. Бөлінген қаражаттың жалпы көлемі — 13 млн теңге.

Қолдау қоры алты бағытқа бөлінді: ғылым, мәдениет, IT, волонтерлік және медиа салаларына екі гранттан қарастырылса, кәсіпкерлік бойынша үш жоба іріктелді. Байқауды ұйымдастырған — қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қоры.

Өтінім қабылдау науқаны 7 тамыз бен 7 қыркүйек аралығына белгіленген. Іріктеуге Алматыда тұрақты тіркелген 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Олар жоба сипаттамасын, 60 секундқа дейінгі бейнетаныстырылым мен шығындар сметасын тапсырды. Сараптамалық комиссия идеялардың жаңашылдығын, қоғамдық маңызын және нақты іске асуын басты назарға алды. 

Қаржыландыру алған авторларға қойылатын басты талап — жобаның орындалу барысы туралы әр үш ай сайын есеп беру. Бұған қоса, ұйымдастырушылар бір жыл бойы бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайды.

Байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өткізілді.

Соңғы жаңалықтар