Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
Сурет авторы: Informburo.kz
Ақтөбе облысында мектептің үш бухгалтері 82 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Олар мектеп директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланып, қызметкерлерге тиесілі мөлшерден артық жалақы аударып, айырмасын өз қалталарына басып отырған. Бұл туралы өңірлік прокуратура хабарлады.
Заңсыз әрекет Шалқар ауданындағы №5 мектеп-лицейінде 2021–2024 жылдар аралығында жүзеге асырылған. Бас бухгалтер екі әріптесімен бірге директордың ЭЦҚ-сы арқылы мектеп жұмысшыларының есепшотына артық ақша аударып отырған. Ал қызметкерлер сол артық соманы шешіп алып, бухгалтерлерге қайтарып берген. Осы айла-тәсілмен үш жыл ішінде мемлекет қазынасынан 82 миллион теңгеден астам қаржы қолды болған.
Шалқар аудандық соты үш айыпталушыны да Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша кінәлі деп таныды. Сот үкімімен бас бухгалтер 8 жылға, ал қалған екі есепші 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар үшеуіне де 10 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Алайда сотталғандардың кәмелетке толмаған балалары бары ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, Қазақстанда өз ЭЦҚ кілтін басқа адамға бергендерге енді айыппұл салынады. Бұл талап электронды қолтаңбасын есепшілерге сеніп тапсыратын басшыларға да тікелей қатысты. Цифрлық кодекске сәйкес, өкілеттігі бар қызметкер мекеме атынан құжаттарға қол қою үшін директордың емес, тек өзінің жеке ЭЦҚ-сын қолдануы тиіс. Бөтен ЭЦҚ-ны пайдалану және беру деректері үшін құқық бұзушылық түрі мен азаматтың мәртебесіне қарай 648,8 мың теңгеден 865 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген. Дегенмен бұл нормалар мектептегі жымқыру деректерінен кейін қабылданғандықтан, 2021–2024 жылдардағы әрекеттерге қолданылмады.
Соңғы жаңалықтар
-
Президент Қазақстанның стратегиялық дамуын жоспарлайтын жаңа сарапшылар тобын бекітті
27 минут бұрын
-
Алматыда жаңа жыл түнінде отшашу атқандарға 130 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
1 сағат бұрын
-
Ақтөбе облысында мектеп бухгалтерлері директордың ЭЦҚ кілті арқылы 82 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
1 сағат бұрын
-
Оңтүстік Кореяның Білім министрі емтихандағы жасанды интеллект дауынан кейін қызметінен кетті
2 сағат бұрын
-
Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі өтуі мүмкін екі ірі спорт аренасы аталды
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына қатысты шағымдар көбейді
2 сағат бұрын
-
23–27 қараша аралығында Алматының бірқатар ауданында жарық болмайды
2 сағат бұрын
-
Еуропада қымбатшылық пен баспана бағасының өсуіне қарсы жаппай ереуілдер басталды
3 сағат бұрын
-
Словакияда төрт қазақстандық студент полиция болып көрініп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді
1 күн бұрын
-
Жапонияда жанартау атқылады
1 күн бұрын
-
Асу Алмабаев Хоригутиге есе жіберді
1 күн бұрын
-
Дияр Нұрғожай америкалық файтерді 2-раундта нокаутқа жіберді
1 күн бұрын
-
Қазақстанның 10 театры ALMATY THEATRE FEST фестивалінде қойылымдарын ұсынды
1 күн бұрын
-
Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды
2 күн бұрын
-
Грузия алты адамның өмірін қиған жарылыстан кейін аза тұту күнін жариялады
2 күн бұрын
-
Шымкентте пара алған ТЖБ маманы мен пара берген департамент басшысына сот үкімі шықты
2 күн бұрын
-
Қазақстанда алимент бойынша қарыз 19 млрд теңгеден асты
2 күн бұрын
-
ТМД ПАА ЖИ-ді экстремизмге қолдануға қарсы модельдік заң қабылдады
2 күн бұрын
-
Астанада ғылыми гранттың 297 миллион теңгесін жымқырғандар мен 1,7 миллион теңге пара алған сарапшы ұсталды
2 күн бұрын
-
Ғылыми жобаларға бөлінген 945 миллион теңге қолды болғаны әшкереленді
2 күн бұрын
-
Қазақстанның аграрлық экспорты 35 пайызға өсті
2 күн бұрын
-
Қосшыға дейінгі LRT үшін бұзылатын үйлердің тізімі әлі бекітілмеген
2 күн бұрын
-
Түркияның қор нарығындағы дауға байланысты 136 адам қамауға алынды
2 күн бұрын
-
АҚШ-ты дүрліктірген цифрлық дағдарыстан кейін Ақ үйде алғашқы ірі кадрлық шешім қабылданды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға толық тыйым салу ұсынылды
3 күн бұрын
-
Ақтөбелік студент оқуына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген
3 күн бұрын
-
ҚазҰУ-дағы қаза тапқан студент қызға қатысты тергеу басталды
3 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяның алып әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығады: Korean Air алғашқы рейстерді қашан ашады
3 күн бұрын
-
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып, көз жұмды
3 күн бұрын
-
Жалақы сақталады, демалыс көбейеді: Бразилия жұмыс аптасын қысқартып, қоғамдық көлікті тегін етпек
3 күн бұрын
-
Instagram көптен күткен функцияны іске қосты: Eнді жарияланған стористі өшірмей-ақ өзгертуге болады
3 күн бұрын
-
Астана әуежайында ұшақ тұрағы 20 есе қымбаттауы мүмкін
3 күн бұрын
-
Ақмола облысындағы жол жөндеуге бөлінген қыруар қаржы неге кері қайтарылды
3 күн бұрын
-
Емхана есігін тоздыру азаяды: Қазақстанда пациенттерді қабылдау ережелері түбегейлі өзгереді
3 күн бұрын
-
Мемлекеттік қосымшадағы ақау ма, әлде сынақ па: Қырғызстан президенттігіне үміткерлер тізімінен беймәлім есім табылды
3 күн бұрын
-
Кімнің жалақысына қанша қосылады: Үкімет дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлерге төленетін жаңа үстемақы мөлшерін бекітті
3 күн бұрын
-
Тарифті ескертусіз өсіріп, ақылы қызмет қосып қойса не істеу керек: Оператордан ақша өндірудің жолдары
3 күн бұрын
-
Қазақстан цифрландыру бойынша Жапония мен Германияны артта қалдырды
3 күн бұрын
-
Жас емес, тәжірибе маңызды салалар қайсы: 55 жастан асқан қазақстандықтарға қандай мамандықтар қолжетімді
3 күн бұрын
-
Халық Кеңесі кәсіподақтар ұсынған 25 бастаманы жүйелеп, іске асыру жолдарын қарастырады
3 күн бұрын
-
ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына жыныстық сипаттағы әрекетке мәжбүрлегені үшін айыппұл салынды
3 күн бұрын
-
25 миллион долларлық жемқорлық дауы: Моңғолия президенті қызметінен кетті
3 күн бұрын
-
«Бағдарлама сатып алумен іс бітпейді»: Тоқаев жасанды интеллектіні білім мен ғылымға терең енгізуді тапсырды
3 күн бұрын
-
Көрсеткіш 62 пайызға өскен: Елімізде қандай қатерлі ісік түрлері жиі анықталып жатыр
3 күн бұрын
-
«Самұрық-Қазына» қаржыландырып келген «Астана» футбол клубы жекешелендіріледі: Атышулы клуб қарашаның соңына дейін жекеменшікке өтеді
3 күн бұрын
-
Темір тордың ар жағында отырса да қызметі сақталды: «Самұрық-Қазына» экс-басшысы федерация президенті болып қала береді
3 күн бұрын
-
«Ешкімге кешірім болмайды»: Тоқаев жемқорларға қатысты қатаң ескерту жасады
3 күн бұрын
-
Белдікпен қорқытып, ән айтқызған: желіні шулатқан сарбаздардың видеосына Қорғаныс министрлігі жауап берді
4 күн бұрын
-
Нұрлан Жақыповтың орнына кім келеді? «Самұрық-Қазына» төңірегіндегі шудан кейін Бектенов мәлімдеме жасады
4 күн бұрын
-
Қазақстан балабақшаларында тәулік бойы аудиожазба жүргізу ұсынылды
4 күн бұрын